Технология • 28 Қыркүйек, 2022
Семейде антивирус зертханасы ашылды
Цифрлы вирусқа қарсы бағдарламалық өнімдерді әзірлеп, енгізумен айналысатын Dr. Web компаниясы Abai IT-Valley технологиялық кластерімен меморандумға қол қойды.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2022
Шекараның арғы бетінен ағылып келіп жатқан жастар нөпірінің 80 пайызы өңірде көп тұрақтамайды. Ресейдегі ішінара мобилизациядан бас сауғалағандардың дені Қостанай арқылы Астана мен Алматыға өтіп, одан әрі мүмкіндігінше Әзербайжан, Түркия сияқты шет елдерге кеткісі келеді. Жергілікті көші-қон полициясының мәліметінше, 25 қыркүйектегі жағдай бойынша, облыс аумағына 10 мың 329 адам кірген. Шекарадағы жолаушылар ағыны өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда екі есе өскен.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022
Астана қаласының баспасөз орталығында шетел азаматтарының келуіне және кетуіне байланысты шаһардағы көші-қон жағдайының жай-жапсары талқыланды.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2022
Кәсіпкері көбейген елдің ырысы еселі
Қарағанды облысындағы бұқараның 40 пайызы кәсіпкерліктен нәпақасын айырады. Соған сәйкес өңірде өндірілген өнімнің 40 пайызы – осы кәсіпкерлердің еншісінде. Қатары Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы іске қосылғалы кәсіпке бет бұрғандар қатары одан сайын толыға түсіпті. Жыл басынан бері 166 шағын және орта бизнес ісін бастаған.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2022
Аграрлық секторды алға сүйрегендер
Атырау облысында мұнай-газ өнеркәсібімен бірге ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бетбұрыс жасалып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Рүстемовтің мәліметіне сүйенсек, биыл 353 шаруашылық 10 099 гектарға көкөніс, бақша дақылдарын еккен.