Өнер • 07 Қыркүйек, 2022
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері мен «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, сондай-ақ Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Мүгілсін Ахметқызының (Аққыз) 125 жылдығы мен Мағауия Хамзиннің 95 жылдығына арналған «Күй ғұмыр» мәдени сазды кешін ұсынды. Концерт «Астана Опера» театрының камералық залында өтті.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022
Желіккен жасөспірімдер жаңа оқу жылы бастала салысымен құқық қорғау қызметкерлерінің назарына ілікті. Полиция қызметкерлері түн қатып қыдырған жасөспірімдерді құрықтады. Ойын-сауық ошақтары мен саябақтарда, тұрғын үйлердің аулаларында түнгі сағат 11-ден кейін еркін ойқастап жүрген ерке балалар жылдағы дәстүр бойынша рейдтік тексерулер жүргізілетінін қаперден шығарып алған секілді.
Медицина • 07 Қыркүйек, 2022
Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне тосқауыл
Қазақстандықтар дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағасын тексере алатын болады. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы әзірлеген Naqty Onim қосымшасында тұтынушы дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасы, дәрінің құрамы мен дозасы, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жеткізілу маршруты туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.
Медицина • 07 Қыркүйек, 2022
Қатерлі ісікті де емдеуге болады. Мәселен, Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде биылғы 7 айда науқастарға 389 операция жасалған. Оның ішінде 14 отаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржы төленген.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022
Ана тілінің абыройын көтергендер марапатталды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы қорытындыланды.