Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022
Көрші Ресейдегі ахуал еліміздің көші-қон саясатына қатысты сауалдарды арттыра түскені рас. Саясаттан алыс деген шалғай ауылдағы қарапайым тұрғынның өзі бұл жайдан хабардар. Қоғамда түсінбеушілік, алаңдаушылық байқалады.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2022
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдары халқымыздың еңсесін көтеріп, елдігін танытқан оқиғаның бірі – осыдан отыз жыл бұрын, 1992 жылы Алматы қаласында 28 қыркүйек – 4 қазан аралығында өткен тарихи құрылтай. Мәртебелі жиынға Түркия, Германия, Швеция, Норвегия, Франция, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан қатарлы 33 мемлекеттен 350-дей қазақ қатысса, облыс-аудандардан 800-ге жуық өкіл шақырылған еді.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2022
Біздіңше, әлем өркениетіндегі Әуезов феномені – аса ауқымды, күрделі мәселе. Сондықтан негізгі ойларды тезис түрінде қысқартып айтуға тура келеді. М.Әуезов – әлем өркениетін терең игеріп, қазақ топырағына әкеліп жерсіндірген және оны әлемдік өркениеттің биік деңгейіне көтере білген бірегей талант иесі.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2022
Өткен ғасырдың ауыр жүгін арқалап, ұлт болмысының кемелденуіне аянбай қызмет еткен, жаңа дәуірде де өзінің ұстанымынан бас тартпай, жарқын болашақ үшін ерен еңбек сіңірген ағзам жандардың бірі – қазақтың көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның дамуында аумағы 2 724 мың шаршы километр жері бар, темір жол саласы маңызды рөл атқарады. Ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы басталған 1904 жыл Қазақстанда темір жол көлігінің іргетасы қаланған дата болып есептеледі. Ресейді Орталық Азиямен байланыстыратын бұл магистраль 1906 жылы пайдалануға берілген. Темір жол бойында қалалар мен өнеркәсіп орталықтары: Ақтөбе, Жаңа Қазалы, Түркістан, Қызылорда, Арал және т.б. елді мекендер пайда болды. Қазақстан аумағындағы темір жолдың жалпы ұзындығы 1918 жылға қарай 2 575 км-ге жетті.