Ұлттық спорт • 04 Қыркүйек, 2022
Ұлттық ойынды ұлттық таныммен зерттесек...
Ойынды тану арқылы біз адамзаттық ақыл-ой дамуын да, соның ішінде ұлтымыздың дүниетанымының өрісін де бағамдай аламыз. Осы бағытта әлемдік ойынтану ғылымының жеткен жетістіктерін пайдалана отырып, қазақ ойынтану ғылымын алға жылжыту өзекті мәселенің бірі болмақ. Әлбетте, қазақ ғылымында ойын туралы ештеңе жазылған жоқ деуге болмайды. Ойын түрлері жиналды, жарияланды.
Экология • 04 Қыркүйек, 2022
Қаумалдар жануарларға қорған болады
Жамбыл өңірінің сартап даласы да, жусанды қыры да, асқақ тауларының бөктері де табиғи байлыққа толы. Мұндағы пейзажға жұртшылық көзін суарудан жалыққан емес. Сылдырлап аққан өзен үні мен таудың таңғажайып самалы жаныңды рахатқа бөлейді. Ал байтақ даланың байлығы – жан-жануарлар...
Экология • 04 Қыркүйек, 2022
Кіші Талдыкөлді әлі де құтқаруға болады
Жуырда Қазақстан Халық партиясы Кіші Талдыкөлдің мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған көлдің қазаншұңқыры арнайы техникалар арқылы құрғатылып, маңайына көпқабатты тұрғын үй кешендері бой көтеріп жатқанына байланысты экологтер мен тұрғындар табиғи ортаны сақтау туралы мәселені ұдайы көтеріп келе жатқаны белгілі. Олардың айтуынша, табиғи саябақ құруға сұранып тұрған бұл аумақтағы құрғату жұмыстары қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Осы орайда белсенділер «Қала дерті 6» нүктелі құрылыс мәселелері туралы онлайн-эфирінің кезекті шығарылымын Кіші Талдыкөл мәселесіне арнады.
Спорт • 04 Қыркүйек, 2022
Жүлде қоры – 200 миллион теңге
17 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда шахматтан Women Grand Prix-2022 деп аталатын аса ірі халықаралық турнирдің тұсауы кесіледі. Жүлде қоры 200 млн теңгені құрайтын жарыста әлемнің таңдаулы 12 ойыншысы бақ сынайды. Бұл ақпаратты «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі таратып отыр.
Спорт • 04 Қыркүйек, 2022
Осыдан дәл жарты ғасыр бұрын, яғни 1972 жылдың 5 қыркүйегінде әлемдік спорт тарихындағы болған қаралы оқиға төрткүл дүние жұртшылығын дүр сілкіндірді. Ол кезде Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Олимпия ойындары нағыз қызған шағына жеткен еді.