Шаруашылық • 27 Қыркүйек, 2023
Шығынға батқандар қолдаусыз қалмайды
Өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен келіп, жергілікті агроқұрылым басшыларымен жүздесті. Кездесу барысында министр шаруалар қойған сауалдарға жауап берді.
Экономика • 27 Қыркүйек, 2023
Атырау мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытында жылу алмастырғыш істен шыққан. Енді АИ-95 маркілі бензин Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытында өндіріледі.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2023
Халықтың саулығы, табиғаттың тазалығы маңызды
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралып, сондай-ақ елдегі стихиялы қоқыстарды жою шаралары талқыланды.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2023
Жылыту маусымы: Дайындық жүйелі емес
Алдағы қыс жаңа өңір үшін екінші жылыту маусымы болмақ. Екібастұздағы жағдайды ескере отырып, облыстық бюджет есебінен жылумен жабдықтау көздеріне 1,4 млрд теңге бөлінген. Әйткенмен мердігер салғырттығы салдарынан һәм бөлінген қаржы тиісті жерге жетпегендіктен, ағымдағы жұмыстар әлі басталмаған. Ал далада қара күздің салқыны сезіліп тұр. Халықтың көңілі алаң.
Сараптама • 27 Қыркүйек, 2023
Жақында әлемдегі ең үздік ғылым орталарының бірі Массачусетс технологиялық институты 2023 жылғы Жасыл болашақ индексі зерттеуін жариялады. Индексте 76 елдің экономикасы мен қоғамында орнықты және төмен көміртекті болашақ құру қабілеті сараланған. Яғни мемлекеттердің экологиялық таза технологияларды өндірісте қолдануы мен қоршаған ортаға салдарының аздығы зерттелген.