Саясат • 28 Қыркүйек, 2020
Жаһандық мәселелер – БҰҰ мінберінде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясында сөйлеген сөзі Қазақстанның халықаралық қауымдастықты толғандыратын мәселелерден тыс қалмай, өзекті жаһандық қауіп-қатерлердің шешімін табуда белсенділік танытуға дайын екенін анық аңғартты. Бұл ретте еліміз ұсынған бастамалардың тек әлем жұртшылығы емес, отандастарымыз үшін де қаншалықты өзекті екенін саралау маңызды.
Кино • 28 Қыркүйек, 2020
Қазақ киносы, оның табиғаты мен көркемдік деңгейі дегенде, рас, көңілге түрлі-түрлі ойдың оралатыны бар. Әсіресе, соңғы уақытта экраннан ұлттық фильмдерді көріп отырып ұлттың иісін сезбей тым-тым жиі пұшайман күйге түсуіміз көбейген сайын күрмеуі шешілмей келе жатқан осы бір мәселенің түйінін тарқатып көргіміз келді.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020
Шардара су қоймасы 7 балдық жер сілкінісіне шыдас береді
Журналистерге арналған пресс-тур барысында су қоймасында сейсмикалық тұрақтылықты нығайту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының учаске басшысы Ғалым Мырзабаев суқойманың толық жөндеуден өткеннен кейін 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретінін мәлімдеді.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2020
Тағдыр мені талай текті тұлғалармен табыстырды. Қым-қуыт тірліктің сан тарау сүрлеуінде көп адамдармен жолың түйіседі. Жүрегінің кірі жоқ жандармен туысасың, ал табанының бүрі жоқ пенделермен суысасың. Жүрегі жомарт, кеудесі қорған ағаларды ардақтасаң, ал өзің ізеті бөлек інілерге құрметті боласың. Осындай айтулы азаматтардың бірі – Сәмит аға Далдабаев болатын.
Білім • 28 Қыркүйек, 2020
Бала саны толмайтын орыс сыныбы кімге тиімді?
Жуырда орыс-қазағы аралас бірнеша ата-ана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Балаларымыз орысша оқымаса, Баянауылдан көшіп кетеміз...» деп әлеуметтік желіде бейнеүндеу жолдады. Бейнеүндеу жолдауға өткен оқу жылында аудан орталығындағы №2 мектепте орыс тілінде білім беретін 1-сыныптың ашылмауы себеп болыпты. Осы мәселеге назар аударып, ауданға барып қайтқан едік.