Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2023
Тобылжан ауылында тұз өндірісінің тамырына қайта қан жүгіре бастады. «Қазтұз» ЖШС Кіші Тобылжан көліндегі тұз тиеу жұмыстарын бастап, өндірісті іске қосуды қолға алды. Келешекте мұнда табиғи өнімді қайта өңдейтін цех пайда болуы ықтимал.
Ғылым • 26 Қыркүйек, 2023
Генетикаға арналған оқу құралы
Абай университетінің ғалымдары генетика саласына электронды оқу құралын әзірлеп шықты. Кейде бір ақпаратты іздесек, интернетке бірден орысша жазып іздейтініміз бар. Әсіресе бұл жағдай студенттерге жақсы таныс.
Еңбек • 26 Қыркүйек, 2023
Түрмеде де түрлі кәсіп игеруге болады
Түрмеде жазасын өтеп жатқандар да кәсіпорында жұмыс істеп, жалақы алады. Қазір тіпті, колледжде оқып, арнайы мамандықты да игереді. Жақында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №30 мекемесінде шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара мекеменің кәсіпорын аумағындағы өндірістік әлеуетті арттыруды көздейді. Сол арқылы сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесі ойластырылған.
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2023
Дәстүрлі әдебиет: Шындықпен бетпе-бет
Сонымен, Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» романындағы Едігенің: «Он тоғызыншы ғасырда орыс романдарының Еуропаны басып кеткені тәрізді, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінде қазақ романдары бүкіл жер жүзін жаулап алады» деген болжамы жүзеге аспады. Бас кейіпкер Едіге Мұхтар Мағауиннің өзі десек, бұл жай болжам болып қана қалмауға тиіс еді. Енді келіп жазушының аяғы жеткен жерге, романдары жетпегені өкінішті сияқты көрінеді. Бірақ ол жазушының өзіне ғана қатысты шаруа емес.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2023
Шығыс Қазақстанда Еңбек күні кең көлемде аталып өтті. «Ертіс концерт» залында өткен марапаттау рәсіміне облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысып, еңбегі сіңген азаматтарға алғысын айтты.