Технология • 28 Қыркүйек, 2020
Ана тілімізді цифрлы әлемге еркін енгізеді
Назарбаев Университетінің ғалымдары қазақ тілін автоматты түрде тану технологиясын әзірледі.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2020
Қашықтан қалай оқып жүр, интернетсіз ауыл баласы...
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшілер қосынына Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Кепебұлақ ауылының тұрғындары хабарласып, қашықтан оқуға қатысты мәселені баяндады. Ауылдағы ағайын елді мекенде интернет желісін былай қойғанда, ұялы телефон байланысының жоқтығына налиды. Ал мектеп оқушылары мен студенттер онлайн сабаққа қатысу үшін жол жағалап, телефон байланысы бар жер іздеуге мәжбүр болып отыр.
Саясат • 28 Қыркүйек, 2020
Адам саудасы: Құлдық құрдымға кеткен жоқ
1981 жылы Мавритания әлемдегі ең соңғы мемлекет болып ресми түрде елдегі құл иеленушілікті заңсыз деп танып, құлдықтың күшін жойған болатын. Бүгінде дүние жүзіндегі бірде-бір мемлекет құлдықты қолдамайды. Тіпті, ғылым мен ілім, технология дамыған ХХ ғасырда құлдықты елестету де мүмкін емес сияқты. Алайда заңдағы тыйымға қарамастан қылмыстың осы түрі әлі де айылын жияр емес. Өкініштісі сол, бұл қасіреттің қармағына отандастарымыз да көптеп ілініп келеді. Құлдық мәселесіне қатысты әлемдік статистикада Қазақстан 83-орынға жайғасса, биылдың өзінде елімізде 26 адам саудасы фактісі бойынша жазаланып отыр.
Экономика • 28 Қыркүйек, 2020
Бұдан былай елімізде іске қосылатын ақылы жолдарға шлагбаум қойылмайды. Төлем қабылдау пункттері де орнатылмайды. Жұмыстың бәрін ақылды жүйе өздігінен реттемек.
Таным • 28 Қыркүйек, 2020
Мұхтар Әуезов: Жыл келгендей жаңалық сеземіз
Біз төменде кезінде қазақ әдебиетінің қамбасын қампайтқан жас қаламгерлерге ағалық сын-ескертпелерін мәтақамдап жеткізген ұлы Мұхтар Әуезовтің әйгілі мақаласын ұсынып отырмыз. Ұлы жазушының әдебиет критерийлері хақында қаузаған өрелі әңгімесі әлі де өзекті секілді. Сол тұста аға ақылы жазушыларға жолбелгі бола білген еді. Біз бүгінгі толқынға да бағдаршам боларына сенеміз. Редакциядан