Футбол • 28 Қыркүйек, 2021
Премьер-лига ойындарының 22-туры өтті
Футболдан Қазақстан чемпионатының 22 тур ойындары өз мәресіне жетті. Бұл кезеңдегі бәсекелер де әдеттегідей өте шиеленісті өтті.
Хоккей • 28 Қыркүйек, 2021
«Барыс» «Автомобилистен» айласын асырды
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» қатарынан екінші кездесуде жеңіске жетті.
Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2021
Қазақ баспасөзінің арғы-бергі тарихын түгел тәпсірлегенде, оның бай шежіресін тұтас баян еткенде есімдерін атамай кетпейтін, ғибратты жолдарына соқпай өтпейтін тұлғалар болады. Сондай заңғарлардың қатарында біз әлбетте, Шерхан Мұртазаны айтар едік. Шерхан Мұртаза дегенде біздің көз алдымызға айбарынан алып таулар ығатын, тегеуріні қара тасты қамырша илеп жіберердей найзағай мінез тұлға келе қалады. Алаштың арыстан тұлғасы Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзін бүгінде ерсілі-қарсылы қолдана беретін болдық қой. Асылында, мұндай кесек сөзді кез келген жерге жойдасыз жұмсамасақ керек еді.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2021
Қарағанды облысында жыл сайын 19 мың бала дүниеге келсе, оның 7%-ы мерзімінен бұрын туады екен. Шала туған сәбилерге көмекті алты перинаталдық орталық көрсетеді. Мысалы, солардың біріне жататын мекеме облыстық клиникалық аурухананың базасында жұмыс істейді және жылына 5 мыңға жуық ананы аман-есен босандырады.
Руханият • 27 Қыркүйек, 2021
Еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдық даталы мерекесі аясында, Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің парасаттылық мәдениетін ілгерлетуге арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бойынша, елордадағы Ұлттық кітапханада «Мейірім пәлсапасы» атты туындының тұсауы кесіліп, аталмыш шараға Парламент Сенат және Мәжіліс депутаттары, елімізге танымал ғалымдар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.