Бизнес • 27 Қыркүйек, 2022
Мемлекет соңғы жылдары әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше көңіл бөліп келе жатыр. Ұлттық экономика министрлігінің дерегі бойынша, 2021 жылы шағын және орта бизнестегі әйелдер үлесі 43,3 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш 2010 жылы 26 пайыз болыпты.
Экономика • 26 Қыркүйек, 2022
Ақмолалық диқандар ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, барынша жіті қимылдап, жауапты науқанды ұйымшылдықпен өткізуде. Бүгінге дейін барлық егістік алқаптың 85 пайызы жиналып алынды.
Экономика • 26 Қыркүйек, 2022
Жыл басынан бері Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымының көлемі 1,5 млрд долларды құрады. Бұл – 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығымен салыстырғанда 36,6 пайызға (былтыр 1,1 млрд доллар болған еді) жоғары көрсеткіш.
Қаржы • 26 Қыркүйек, 2022
Кешіктірілген несие қарызы қомақты
Займ сапасына қарап банктің деңгейін тануға болады. Әрине, банктер тек займ берумен айналыспайды. Олар депозит жинайды. Қор нарығына шығады. Басқа да түрлі банк өнімдерін ұсынумен айналысады. Бірақ айналып келгенде бәрібір тек кредит берумен ғана өз табысын еселейді, соған сәйкес өзінің нарықтағы орнын айқындай түседі. 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтық қарыз портфеліндегі кешіктірілген төлем көлемі 1,53 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 19,9 пайызға артық.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022
1991 жылдан 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 378 979 отбасы, яғни 1 099 039 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Басым бөлігі Өзбекстан және Қытайдан қоныс аударған. Әлі күнге дейін ұлы көш жалғасуда. Әттеген-айы сол, «елім, жерім» деп келгендер қандас мәртебесін алуда ұзақ уақыт сандалуға мәжбүр.