Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2020
Қайыңды (Көл туралы көлдей сөз жазу аз, кереметті көзбен көру керек)
Жер жаннаты Жетісудың жауһарына айналған көрікті мекеннің бірі – Қайыңды көлі. Көл туралы көлдей сөз жазудан гөрі, оны көзбен көрген артық, әрине.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2020
Гүлмира Сарина: «Туған жерге деген сағыныш мені осындай ақ қанат әсем әндерге ғашық етті»...
Қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірімен жараса өрілген халқымыздың дәстүрлі ән мұрасы әсем де күрделі иірімімен, даладай кең диапазонымен, ұлттық сипатымен ерекшеленеді десек, бүгінде сол дәстүрді әуендік, орындаушылық тұрғыдан жаңғыртып, ән мәдениетінің үздік үлгісіне айналдыра білген тұлғалар некен-саяқ. Соның бірі де бірегейі – Арқа дәстүрлі ән мектебінің өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, әнші-термеші әрі сазгер Гүлмира САРИНА.
Қаржы • 25 Қыркүйек, 2020
«Tengri Bank» АҚ салымшыларының назарына!
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Tengri Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтем төлеу шарасы басталатындығын хабарлайды.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020
Шағын ауылдың мәселесі шашетектен
Өңірдегі шағын білім ордасының бірі – Қызылүй елді мекеніндегі негізгі мектеп. Былтыр NCOC компаниясының демеушілігімен Исатай ауданының орталығынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан 80 орындық мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілген еді. Қазір мұндағы 1-9 сыныптарда 41 оқушы білім алуда.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2020
Мұзтаудың етегінен бастау алған Ақбұлқақ өзені Берел ауылын тіліп ағады. Өзеннің аңғары орман-тоғай. Сол тоғайдың арасында құмырсқалар қалашығы барын былайғы ел-жұрт біле бермейді-ау деймін.