Өнер • 25 Қыркүйек, 2020
Стрит-арт еркіндікті сүйеді (Ұлттық музей алдындағы ашық алаңда «Стрит-арт» перфомансы өтті)
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнері түрлерінің саналуандығын көрсету, соның ішінде граффитиді насихаттауға негізделген.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2020
Тепловозда сұйытылған газды қолдану туралы келісімге қол қойылды
«ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Үкіметтің 2018 жылғы 29 қарашадағы №797 қаулысын назарға ала отырып, газды-дизельді қозғалтқышы бар тепловоздарда сұйытылған табиғи газды (бұдан әрі – СТГ) қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2020
Мүдделі елдердің министрлері кездесті
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен онлайн режімде Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының (ТШЖДЕ) жыл сайынғы министрлік отырысы өтті.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2020
Құс тұмауы анықталған аумақтарда карантин енгізілді
Өңірдегі Тереңкөл ауданының Трофимовка ауылында үй құстарынан құс тұмауы анықталды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Мақашевтың айтуынша, құс тұмауынан осы апта ішінде 158 үй құсы өлген. Сондықтан жергілікті ауыл әкімі Қайырбек Абсалямов пен ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде карантиндік шара жасалды.
Технология • 25 Қыркүйек, 2020
Кәсіпорындардың тиімділігі артады
«QazIndustry» индустрия және экспорт орталығы Фраунгофер IPA өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп отандық кәсіпорындарды Индустрия 4.0 тақырыбында оқытуды бастады.