Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Гобелен – текті өнердің туындысы
Бәтима Зәуірбекова, суретші-гобеленші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің 9 тамыздағы санында жарық көрген «Отырар қайта ойрандала бастады ма?» атты мақаланың тақырыбын көріп, төбемнен жай түскендей әсерде болдым. Менің ойыма археологтардың 50 жыл бойы қазба жүргізіп тапқан жұма мешіт, сарайлар, қақпа, монша, құмырашылар орамы мен тұрғын үйлер орамы сияқты нысандарды біреулер ойрандап жатыр ма деген ой келді. Алайда мақаланы оқи бастағаннан кейін сабама түсе бастадым. Мәселе кіреберістегі қақпа мен төбеге апаратын жерде екен. Бұл жерде елге танымал екі ағамыз, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек пен тарих ғылымдарының докторы Мұхтар Қожа бірлесе жазған мақалаларының тақырыбы айқайлаған аты затына сай еместігіне көзім жетті. Мақалада көтеріліп отырған мәселелер «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне» тікелей қатысты болғаннан соң әрі сол мекеме директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары ретінде осыған қатысты өз пікірімді білдіргім келіп отыр.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2019
Ерлер еңсеретін тақырыпты әйел жазушы романға арқау етті
Соңғы кезде қазақ әдебиетінде көлемі осыншалықты үлкен роман жазған ешкім жоқ. «Оны жазбақ түгілі, оқып шығудың өзі қиямет шығар» дедім. Бірақ алдыңғы шығармаларын оқып, таңырқап қалғаным бар. Әсіресе, «Үлкен үйдегі үрей» деген романы көп-көрім ұнаған.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Бесік – өмірге жаңа келген нәрестенің анасының құшағынан кейінгі жылы ұясы. Періште-сәбидің ақ отауы! Ат үстінде жүріп елін қорғаған батыр қазақтың асыл бұйымы. Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «талбесік» деп атаудың сыры осында. Ыңғайлы етіп қиюластырған бұл дүние көшіп-қону жағдайында да тіршілікке қолайлы. Оны ат үстінде ердің алдына алып та, түйе үстіндегі қоршау ішіне де артып та жүре береді. М.Әуезов кезінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзінің мән-мағынасы да терең.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
«Жоғалмайсың, жоқтаушы халқың барда...»
Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған апталық өтті.