Қаржы • 26 Қыркүйек, 2021
Базалық мөлшерлеме неліктен көтерілді?
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,5%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,5% болады.
Тарих • 26 Қыркүйек, 2021
Өмір, шіркін, сынаптай сырғып өтеді. Көп нәрсе ұмытылып жатады. Тәжікстандағы азаматтық соғыстың аяқталғанына да аз уақыт болған жоқ. Әйтсе де, Раджан Батырханов қабырғадағы портретінен бізге бәз-баяғы жас қалпында көз тастап тұрған сыңайлы. Оның анасы, бауырлары мен мектептегі кезінде тай-құлындай тебісіп өскен достары, туған өлкесі Катон-Қарағайдан шығып, күркіреп аққан Пяндж өзеніндегі «ыстық нүктені» иық тіресе жүріп бірге қорғаған жауынгерлер арамызда жүр.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021
Елімізде еңбекпен есейген, саналы ғұмырын еңбек жолына арнаған жандар баршылық. Халқымыз ежелден жас ұрпақты аянбай еңбек етуге баулып келеді. Қарапайым халықтан шығып, өзінің табан ақы, маңдай терімен еңбек етіп, биікке көтерілген азаматтардың бәрі де – жастарға үлгі. Сондай жанның бірі – Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров. Ол – қырық жыл ғұмырын еліміздегі химия өндірісіне арнаған, оның дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлға.
Коронавирус • 26 Қыркүйек, 2021
Вакцина коронавирус қаупін сейілте бастады
Әлемді әбігерге салған коронавирус әлі де аптығын басар емес. Кейінгі бірнеше күнде індет жұқтыру қарқыны саны сәл саябырсығанымен, тәулігіне 500 мыңға жуық адам қауіпті дерттің тырнағына ілінеді. Осыған байланысты көптеген елде әлі де карантиндік талаптар жеңілдетілген жоқ. Әйтсе де, вакцина салдырғандар саны көп елдер шектеу шараларын босаңдата бастады.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2021
Бұрынғылардың ешбіріне ұқсамаған бұл сурет беймезгіл ғашықтықтың, беймәлім махаббаттың, бейтаныс сағыныштың бейнесі іспетті. Уақыт пердесі екі жаққа түріліп, дүниеге жарық төгілген сәтте бір-бірінен айырылмастай болған адамдардың алып-ұшпа сезімінен ыстық не бар өмірде? Сол сәтте қара тас гүлдегендей, қара аспан шайдай ашылғандай болған шығар. Мағынасыз майдан аяқталып, енді тағдыры түзелер дегенде, өмір жолы тағы да адастырып кетерін кім біліпті!?