Әскер • 22 Қыркүйек, 2023
БҰҰ бағдарламасы бойынша даярланды
Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері БҰҰ-ның әскери бақылаушылар курсы бойынша даярлықтан өтіп жатыр. Үш апталық курс полигондағы практикалық сабақтармен аяқталады. Онда тыңдаушылар шабуыл, кепілге алу кезіндегі әскери бақылаушының іс-қимыл алгоритмін пысықтайды.
Алматы • 22 Қыркүйек, 2023
Бюджет көшеттері көктей солмасын десек...
Алматы сияқты үлкен қалада абаттандыру, көгалдандыру ісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын жоққа шығармасақ та, кейде орасан ақшаға келген көшеттердің қурап қалғанын, яки тамырланып қалғаны қайта-қайта қазылып жатқанына куә болатын жағдайлар жеткілікті. Оның үстіне көгалдандыру ісімен айналысатын мекемелер неге біркелкі ағаш түрлерін таңдайды деген сұрақ та бар.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Атлетикалық ауылда еліміздің Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Көк туды көтеру салтанатына ел құрамасының спортшылары мен спорт саласын басқарушы мамандар қатысты. Іс-шара барысында бес мемлекеттің – Қазақстан, Бутан, Ирак, Оман, Бахрейн тулары көтеріліп, әнұрандары шырқалды. Ресми іс-шарада біздің құрама қыз-жігіттерінің қатары өзге елдің спортшыларынан анағұрлым көп болды. Ел делегациясын Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов, комитеттің бас хатшысы Андрей Крюков, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, регбиден ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Анна Яковлева, бокстан әлем чемпиондары – Асланбек Шымбергенов, Сәкен Бибосынов, Махмұт Сабырхан бастап шықты.
Күрес • 22 Қыркүйек, 2023
Қарағандылық балуан Болат Сапардың болашағынан бапкерлері зор үміт күтеді. Күні кеше Доминикан Республикасында өткен жағажай самбосынан ІІІ әлем чемпионатында екінші орын иеленіп, ел мерейін үстем етті.
Жекпе-жек • 22 Қыркүйек, 2023
Аралас жекпе-жектен жартылай орта салмақтағы UFC-дің чемпиондық белбеуі үшін айқас 16 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.