Тарих • 21 Қыркүйек, 2023
Мына сурет биыл туғаны 150 жыл толып отырған халық батыры, 1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Амангелді Имановқа қатысты салынған екен. Оған дәлел – суреттің астыңғы жағында латын әріптерімен «Торғайдың әскери комиссары халық батыры Амангелді» деген жазу тұрса, жақша ішінде «Қастеев картинасынан» деген сілтеме беріліпті.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2023
«Дударайды» орыс қызынан қызғанғаннан не табамыз?» деген мән-мағынасы таласты мақаланы оқып, қайран қалып отырмын.
Театр • 21 Қыркүйек, 2023
Екі күн бойы елорда төрін Жетісу жылуымен шомылдырған Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының өнер сапары бас қала халқына шын мәніндегі өнер мерекесін тарту етті. Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған гастрольдік бағдарламаға Б.Римованың «Қос мұңлық», Қ.Мұраттың «Мұғалім» және кішкентай көрермендерге арналған А.Аламанның «Жалқаудың жыры» қойылымдары еніпті.
Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2023
2021 жылы шәкіртім филология ғылымдарының кандидаты Иманғазы Нұрахметұлының «От пен су» атты ғұн империясын құрушы, қолбасы Мөде ханның өмірін арқау еткен 4 томдық тарихи романының бірінші кітабы жарық көріп еді. «От пен су» түрік тіліне аударылып, Түркияның «Dionysos yayın group» баспасынан басылып шығыпты.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2023
Отырарда өндірілетін шұбат бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр
Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында өндірілетін шұбат ұлттық сусыны бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қолжетімді, сапасы жоғары, деп жазады Egemen.kz.