Руханият • 21 Қыркүйек, 2023
Жазушының қаншама жылдар бойғы тәтті азабын тартқан еселі еңбегі бір күндері ақталып, көл-көсір құрмет пен ыстық ықыласқа, толассыз атақ-даңқ пен оқырманның риясыз махаббатына ұласып жатады. Бұл әдебиетте әділет бар екенін білдіреді. Бұл да жазушының бақыты, жазушының сәттілігі. Биыл сондай әдебиеттің әділетін көрген, қаламының бағы жанған, соны стилімен, соны кейіпкерімен жазуға бұзып-жарып кірген көрнекті қаламгер, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази тоқсанның төріне шығып отыр. Мерейтойға орай ел астанасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Екі күнге жалғасқан конференция аясында жазушы талантының әр қыры әр тараптан талданып, түрлі іс-шаралармен толықты.
Елорда • 21 Қыркүйек, 2023
Есілге 300 мың шабақ жіберілді
Астана қаласының орталық саябағы маңында Есіл өзеніне 300 мыңнан аса тұқы балығының шабақтары жіберілді Бұл шабақтарды мемлекеттік тапсырыс аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен Зеренді балық тәлімбағы өсірген.
Экология • 21 Қыркүйек, 2023
Табиғаттың құбылмалы өзгерісі ойлантады
Тіршілік нәрінің жетіспеушілігі мен құрғақшылық салдарынан еліміздегі астық өнімділігі бірден 37 пайызға кеміген. Эколог мамандар су үнемдеу мен оны пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін өңірлерде жеке бағдарламалар қабылдануы керек деп есептейді.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Бұл күндері әйелдер күресінен Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында алты салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Өкінішке қарай, үздіктер тізіміне әзірге Қазақстанның бірде-бір балуаны ене алмай отыр.
Футбол • 21 Қыркүйек, 2023
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүрі бойынша ай сайын OLIMPBET-Чемпионатында өнер көрсететін командалардың бапкерлері мен капитандары арасында сауалдама ұйымдастырып, айдың үздік футболшылары мен бапкерлерін анықтап отырады.