Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Газет тойы қарсаңында не нәрсеге мән бермедік. Зерделі оқырмандар өздері-ақ хабарласып, бас басылым туралы жазып жіберіп жатыр. Бұрынғы басшылардың жолдап жатқан жазбалары өз алдына. Басылымның арғы-бергі өмірі, атқарған қызметтері, әуелі газет бетінде көрініп барып шешімін тапқан мәселелерді хатқа түсіріп жіберген жанашыр елдің лебізін оқығанда, әрине, ұжымдағылардың мерейі өсіп қалады. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, бәрі-бәрі қамтылып жатқан сияқты. Түпсананың тұсбағдарын бір сілкіп қарасақ, бәрі жазылып жатқандай көрінгенімен, газет өндірісі, «Egemen Qazaqstan»-ның бүгінгі тыныс-тіршілігін, бейнелеп айтқанда, сіз көрмеген «от пен судың» ортасын ұмытып барады екенбіз-ау дестік.
Тарих • 13 Желтоқсан, 2024
«Алтын сақина» пьесасының құнды қолжазбасы
Алаш арыстарының көпшілігі 1937-1938 жылдары «халық жауы» есебінде жалған, ауыр айыптаулармен атылып кеткеннен кейін олардың мұралары түгелге жуық тәркіленгені белгілі. Алаш арыстарының артында жүздеген кітабы қалды. Оны алаштанушы-ғалымдар, төте жазуды оқып, зерттеп жүрген азаматтар зерделеп, қазақ оқырмандарына қайтадан ұсынып жатыр. Бірақ ащы болса да ақиқат сол арыстардан – Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Телжан Шонанұлы мен Қошке Кемеңгерұлынан қалған қолжазбалар жоқтың қасы. Ал қазір пайдаланып жүргеніміз – тек қана ресми баспада шыққан кітаптары, басылымдарда жарияланған мақалалары, мұрағаттар, деректер. Баспадан шыққан кітаптардан да құнды нәрсе – қолжазба, яғни автордың ең алғашқы, ең дұрыс деп қараған түпнұсқасы. Ал баспадан шыққан кітаптарда сол кездегі цензураға ұшырап, басылмай қалған тіркестер де болады. Кітаби нұсқа мен қолжазбаның арасы жер мен көктей.
Тағзым • 13 Желтоқсан, 2024
Ұлттық музейде көрнекті тұлға, Алаш қайраткері Шәймерден Қосшығұлұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт қайраткері Шәймерден Қосшығұлұлы» атты дөңгелек үстел өтті. Алаш арысының қоғамдық-саяси қызметін насихаттау, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан алқалы жиынға алаштанушы ғалымдар мен тарихшылар, белгілі қоғам қайраткерлері, тұлғаның ұрпақтары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Ұлы дала ғұламалары және Түркістан
«Түркістан екі дүние есігі ғой» деп Мағжан жырлағандай, шежірелі қаланың тарихы әріде жатыр. Түркі мәдениетіне орасан зор үлес қосқан ғұлама Ясауидан бастап, киелі топырақтан қаншама ғалымдар түлеп ұшты. Рухани астананың көркі бүгінде жаңаша сипат алып, қарқынды дамып келеді.
Тұлға • 13 Желтоқсан, 2024
БҰҰ мінберінен сөйлеген біртуар қайраткер
«Қазақстан» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қаратай Тұрысов – қайраткер тұлға» тақырыбында республикалық конференция өтті. Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, спорт саласының мамандары қатысты.