Мәдениет • 01 Қаңтар, 2025
Бүгін актриса Бикен Римованың туған күні
Бүгін театр және кино актрисасы Бикен Римованың туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 01 Қаңтар, 2025
41-жылғы батыр Бақтыораз Бейсекбаевтың түпкі дерегі қалай табылды?
Танымал журналист, қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепберген күні кеше ғана редакцияның өтінішімен арнайы мақала жазып жіберген еді. Жаңажылдық нөмірге жоспарлап та қойғанбыз. Жалған дүние-ай, газеттің беті қатталар тұста қаламгердің бақиға озғаны туралы суық хабарды естіп, есеңгіреп қалған жайымыз бар. «Марқұмның рухы шат болсын!» дей отырып, талай жыл қызмет еткен «Егеменіне» жолдаған соңғы мақаласын оқырманға ұсынамыз.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2025
Биыл ажал қылышын оңды-солды сермеп, жер бетін қан қасап майданға айналдырған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, жеңіс туының желбірегеніне 80 жыл толады. Жұмыр жердің апшысын қуырған сол қызыл көз қырғынға қазақ елінен 1 366 000 сарбазымыз аттанып, 601 029 боздағымыз кебінсіз майдан даласында қалды. Осылай халқымыз «Жеңіс» деген бірауыз қуанышты сөзге миллиондардың жанын айырбастады.
Ғылым • 01 Қаңтар, 2025
Ғылымға ашықтық пен айқындылық маңызды
2024 жылы ғылымды дамыту мақсатында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Ғалымдардың мәртебесін арттырып, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын көтеру, ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктер жасалды.
Тұлға • 01 Қаңтар, 2025
Биыл зерделі ғалым, қоғам қайраткері, біртуар тұлға Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтің ғасырлық мерейтойы. Тұғыры биік тұлғаның ел деп сіңірген еңбегі, ғылым үшін атқарған жұмысы әлі де рухани азық, алтын қазық. Сондай-ақ осы жылы түркітанушы, филология ғылымдарының докторы Әуелбек Коңыратбаевтың туғанына – 120 жыл, Қазақстан ғылым академиясының академигі, тарихшы Ермұхан Бекмахановтың туғанына – 110 жыл және Ұлттық ғылым академиясының академигі, тілші Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толады.