Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар жолдардың 40 учаскесі жабық
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 40 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 26 Желтоқсан, 2023
2024 жылы ел азаматтарын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Еліміздің бірқатар заңдарына енгізілген өзгерістер жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшері өседі, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталып, балалар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігін алады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы қандай өзгерістер болады? Бұл туралы Egemen.kz материалынан оқи аласыздар.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Мұз ойылып кеткен. Өзенге батқан екі адам құтқарылды
Атырау облысында полицейлер мұз ойылып, өзенге батып кеткен екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атап өткендей, Тұжырымдама Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Ол 4 негізгі бағытты қарастырады. Олар – тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Туған анасына алаяқтық жолмен несие алдырған
Петропавлда колледж студенті туған анасын 1 млн теңгеге алдады деген күдікке ілінді. Өзі алмаған несиені төлеу туралы хабарлама келгенде әйел полицияға жүгінген, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.