Оқиға • 28 Желтоқсан, 2020
«Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасының жобасы сараптамалық талқылаудан өтті. Құжатты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институтының отбасы институты зерттеу орталығымен бірлесіп әзірледі.
Руханият • 28 Желтоқсан, 2020
Жүз жасында Абайды жатқа оқиды
Ұлы Абайдың өлеңдері жүз жасқа таяп қалған кейуананың өзіне рухани азық, күш-қуат береді. «Абай атамыздың ойлы сөздері, өнегелі жырлары оқыған сайын жанды жадырата түседі», дейді Балқаш қаласында тұратын 96 жастағы Рахила Ержанова. Бір қызығы, жүзге қадам басқан қария хакімнің өлеңдерін кез келген жерінен үзіп алып, жатқа оқи береді екен.
Саясат • 28 Желтоқсан, 2020
Nur Otan партиясынан депутаттыққа кандидаттар Петропавл қаласының 20-шағын ауданының тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020
«Серпінге» серпін қосатын жастар
Елімізде «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы жалғасып келеді. Жоба бойынша оңтүстік жастарына солтүстік өңірлердегі колледждер мен жоғары оқу орындарында тегін білім алу, кейін сол аймақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі берілді. Бірақ келген жастардың дені қолына диплом ала сала оңтүстіктегі үйлеріне асықты, енді бір бөлігі оқуын бітірместен кері қайтты. Мәселенің мәнісі неде?
Әріптестік аясында іздеу жарияланған 25 күдікті табылды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан екі елдің полициясы әріптестігінің арқасында Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары іздестіріп жүрген 20 күдікті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.