Пікір • 06 Қаңтар, 2021
Еліміздің болашағы жастардың қолында
Қоғамға терең ой салар Президент мақаласын оқи отырып, тарихы ғасырлар қойнауына кететін қазақ халқы үшін қастерлі ұғым – тәуелсіздіктің әрқайсысымыз үшін басты құндылық екендігіне тағы да бір тереңнен үңіліп, ата-бабаларымыз аманаттап кеткен ұлан-ғайыр атамекеніміздің асқақ екенін жүрек елегінен өткізгендей әсерде болатынымыз хақ.
Сайлау • 06 Қаңтар, 2021
Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар елордадағы электртехникалық зауытына барды. Спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбеккерлердің құқықтарын қорғау және қолдау жөніндегі мәселелерге назар аударды.
Саясат • 06 Қаңтар, 2021
Nur Otannyń республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысына барды. Мұнда партия өкілдері қала мен ауыл тұрғындарымен, неркәсіп кәсіпорындарының ұжымдарымен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен, кәсіпкер әйелдермен және басқа да азаматтармен 20 кездесу өткізді.
Сайлау • 06 Қаңтар, 2021
Партияның ұсыныстарын таныстырды
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Павлодар қаласында жалғасты. Партияның Павлодар облыстық штабының белсенділері өңірдегі бірнеше кәсіпорында болып, сайлаушылармен кездесті.
Саясат • 06 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік мәселелерге назар аударылды
ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар аймақтық сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда. Семей қаласында кандидаттар Ардақ Назаров, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Алмасбек Садырбаев сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.