• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2011

24 сағат

376 рет
көрсетілді

24 қаңтарда Мәскеу уа­қы­ты бойынша 16 сағат 32 ми­нөт­те Домодедово әуежайында террорлық әрекет жасалды. Соңғы мәліметтерге қараған­да, жанкешті денесіне жасы­рыл­ған жарылғыш құрыл­ғы­лар­дың салмағы 7 кило тротилге жуық. Жарылыс сал­да­ры­нан 35 адам қаза тауып, 180-нен астам адам жарақат ал­ды. Олардың 110-ға жуығы ау­ру­ха­наға жатқызылды. Қаза тап­қандардың арасында шетелдік азаматтар да бар. Осы­ған байланысты Ресей президенті Дмитрий Медведев Давоста өтетін форумға сапарын доғарды. Орталық Африка Республи­ка­сында президенттік және парламенттік сайлау аяқталды. Сай­лаудың алдын ала қорытындысы сегіз күннен кейін жария етіледі. Кейбір мәліметтер бойынша, елдің қазіргі президенті Франсуа Бозизе жеңіске жетуі мүмкін. Израиль сыртқы істер ми­нистрлігінің қызметкерлері ереуіл­ді тоқтатты. Дипломат­тар­дың бірнеше аптаға со­зыл­ған бұл акциясына негізінен олардың жалақыла­ры­ның тө­мендігі себеп болған. Өйткені, дипломаттардың жал­ақысы 17 жылдан бері көбейтілмеген көрінеді. Бразилиядағы су тасқыны мен жер көшуінен құрбан бол­ғандардың саны 806 адамға жетті. Рейтер агенттігінің ақпараттары бойынша, із-түзсіз кеткендердің қатары 300-ге жуықтайды. Опат болғандардың арасында балалар мен жасөспірімдер көп. Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе кеше өзі­нің 83 жасқа толуын атап өтті. Экс-президент көмекшісінің мә­­лімдеуінше, Э.Шеварднадзе ту­ған күнін өз отбасы мен жа­қын туыстарының ортасында тойлаған. Шанхай қаласында әлемде баламасы жоқ көрме орталығы салынатын болады. Оның құны – 3,5 миллиард доллар. Ор­та­лықтың құрылысы 2011 жылдың соңында басталып, 2014 жылы пайдалануға беріледі. Көрме орталығының жалпы алаңы 500 мың шаршы метрді құрайды. ОПЕК-ке қатысушы елдер сұраныстың өсуіне бай­ланыс­ты биылғы жылы мұнай жеткізуді арттыруы мүмкін. Сауд Арабиясы министрінің хабар­лауынша, ОПЕК-ке мүше ел­дердің күнделікті өндіретін мұ­найы 6 миллион баррель деңгейінен аспауы тиіс. Филиппиннің астанасы – Манила қаласында жолаушылар автобусында жарылыс болды. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, 15-ке жуығы жара­ланды. Елдің құқық қорғау ор­гандары жарылысты белгілі терроршы ұйымдар жасады деген болжам жасап отыр. Грекия үкіметі Германия­ның Siemens концернін сотқа бермек. Концерн басшылары Грекияның шенеуніктерін «са­­тып алған» деген күдік бар. Ақпарат көздеріне қара­ғанда, осыған байланысты Грекия парламенті 11 айға жуық тексеріс жүргізген. Осының сал­да­рынан ел қазынасына 2 миллиард еуро кем түскен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.