• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2011

Алау Талдықорғанды аралады

485 рет
көрсетілді

Азиада алауы қаңтардың 26-сы күні Талдықорғанға да жетті. Ұшақтан облыс әкімі Серік Үм­бетов бастаған  жанкүйерлер қар­сы алып, баспасөз мәслихаты өт­ті. Алау эстафетасын өткізу жө­нін­­дегі үйлестіру кеңесінің жетекшісі Сәрсен Құранбек өңір­лердегі кездесулер жайына тоқ­талды. Оның айтуынша, Жетісу жері спортты дамыту мен сала­матты өмір салтын қалып­тас­ты­руда өзгелерге үлгі болып, алғы шептен көрінген. Спорт алаңына 27 қаңтар күні жиналған жанкүйерлер алдында сөй­леген облыс басшысы спорт­шы­лар­дың тек жеңістерге жетіп, биіктерден көрінулеріне тілектестігін білдірді. Бұдан соң Серік Әбі­кенұлы алау құтысын алғашқы болып алып жүру құрметіне ие болды. Алауды алып жүруді еліміздің көкбайрағын өзге мемлекеттерде биікке көтеріп, әнұранды шыр­қат­қан Олимпиада чемпиондары жал­­ғастырды. Олардың қата­рын­да дзю­­до күресінен Олимпия ой­ын­дарының қола жүл­дегері Ай­дын Сма­ғұ­лов, Ол­им­пиа­да­ның қола жүл­дегері Маулен Ма­мы­ров, грек-рим кү­ресінен Әлем кубо­гының қола жүл­­де­гері Нұрмахан Тін­ә­лиев, Халық Каһар­маны Азамат Жұма­ділов, спорт меце­на­ты Жанайдар Егінбаев, грек-рим кү­ресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мель­­­ниченко, Ол­им­пия ойындарының кү­­міс жүлдегері Асхат Жіткеев, грек-рим кү­ресінен Олим­пиа­даның қо­ла жүл­де­гері Нұрбақыт Те­ңіз­баев, ауыр атлетикадан әлем чем­пионы Владимир Седов және өн­ер мен еңбекте алда жүрген же­ті­су­лық­тар болды. Эстафета салтанатында ежелгі ұлттық спорт түрі –  саят­шы­лық­пен айналысқан жеті азамат бүр­кіттерімен, қос өркешті аруаналар мен сәйгүлік мінген шабандоздар қошеметтеп сап түзеп, бірге жүрді. Тәуелсіздік символы «ба­рыс та» алаушылар қатарынан табылды. Алаугерлер орталық алаңнан Тәуелсіздік, Ілияс Жансүгіров, Қа­ратал шағын аудандарындағы көше бойларымен Қысқы Азияда логотипімен безендірілген велосипед, автокөлік секілді қозғалыс құралдарымен қатар жүріп отыр­ды. Осы сәттерде өңірдегі шешен, ұйғыр, орыс және басқа да мә­де­ни орталық өнерпаздары сырнай­ла­тып, әндетсе, студенттер «Қара- жорғаны» мың бұрала билеп, қошеметтеді. Олимпиада ойындарының сал­танаты түстен кейін «Жастар» спорт сарайында жалғасып, Алау осында жеткізілді. Осы күні сал­танатқа алпыс мыңнан астам ша­һарлықтар қатысып, алаугерлер мен спорт жеңімпаздарына қоше­мет көрсетіп, ізгі тілектерін өрбітті. Қасиетті алау кешкісін Қара­ған­дыға жол тартты. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.