• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2011

Сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 15 жыл: қалыптасуы және дамуы» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті

444 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламентіне – 15 жыл

Өсу жолы өркенді

Сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 15 жыл: қалыптасуы және дамуы» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оның жұмысын Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Бобров жүргізіп отырды. Конференция жұмысын ол Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың құттық­тау сө­зін оқып беруден бастады. Құт­тықтауда еліміздегі қос па­ла­талы кәсіби Парламенттің 15 жыл­да жан-жақты қалыптасқаны атап өті­ліп, Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың қоғам ал­дына қой­ған міндеттемелерді шешуде Пар­ламенттің қажетті заң­дар­ды қабылдап келе жатқаны айтылған. Күн тәртібіндегі мәселе бой­ынша Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа коми­теті­нің төрағасы Рақмет Мұқашев сөз сөйледі. Ол 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқы­лы қабылданған Конс­ти­туцияға сәйкес өмірге келген қос палаталы кәсіби Парла­мент­тің өсу жолдары, Сенат пен Мәжі­лістің заң шы­ға­ру­дағы жетістіктері жайына тоқтал­ды. Пар­ламенттің қалыптасуына Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған басшылық ықпалы мен рөлі жайында айтып өтті. Конференция бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Пар­ламентімен заң шығару қыз­меті бөлігінде өзара іс-қимыл жасау мәселелері» деген тақырыпта Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов әңгімеледі. Со­­нымен қатар, заң ғылым­дары­ның докторы, Қазақ гумани­тар­лық-заң университетінің президенті, «Әді­лет» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісі жа­нындағы Қоғамдық палата төраға­сы­ның орынбасары Мақсұт Нә­рікбаев «Қазақстан Парламенті: кейбір мәселелері мен даму резервтері» деген тақырыпта қосымша баяндама жасады. Конференцияда «Парламент пен Қазақстан халқы Ассам­блея­сының өзара қарым-қатынасы да­муының конституциялық негіздері» тақырыбында саясат ғылым­да­ры­ның докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы­ның орын­басары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов сөз сөйледі. «Қазақстандағы Парламент: өткені, қазіргісі, келешегі» тақы­ры­бы бойынша саясат ғылым­дары­ның докторы, профессор, Мәжіліс депутаты Камал Бұрха­нов, «Қа­зақ­стан Парламентінде салт-дәстүрді демократиялан­ды­ру­ды қалып­тас­тыру туралы» деген тақырыпта философия ғы­лым­дарының канди­даты, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм инс­титутының директоры Болат Байқадамов ой-пікірін ортаға салды. Конференцияда басқа да қоғам қайраткерлері, парламентшілер сөз сөйледі. Жиын Парламент Мәжілісі Төрағасының орын­басары Владимир Бобров­тың қорытынды сөзімен аяқ­талды. Жақсыбай САМРАТ.