• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2011

Кеше Астанада «Қазақстан-2020» демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиыны өтті

457 рет
көрсетілді

Коалиция жиыны Коалицияны Елбасы Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың өкі­леттігін ұзарту бойынша референдум өткізу бастамасын қолдау мақсатында «Нұр Отан» халық­тық-демокра­тия­лық партиясы құрған болатын. Оның құрамына «Әді­лет» демокра­тиялық партия­сы, Қа­зақстан патриоттар пар­тия­сы, Қа­зақ­стан коммунистік ха­лықтық пар­тиясы, «Ауыл» Қа­зақ­стан со­циал-демократиялық пар­тиясы, «Ру­ханият» жасылдар пар­тиясы сияқты еліміздің жетекші саяси партия­ларымен қатар, ірі қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар кірді. Жиында «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясы өзінің коали­цияға қосылғандығын жария етті. «Нұр Отан» партиясы тек Ел­ба­сының айналасына топ­та­сып, бірігу ғана бәсекеге қабі­лет­ті, қуатты мемлекет құру жолын­дағы талап­тар­ға төтеп беретіндігін есепке ала отырып, жалпы­ұлт­тық демо­кра­тиялық күштер коалициясына қосылуға шақыр­ған болатын. Сондықтан жиынға қатысу­шы­лар тағы бір мәрте Елбасы­мен бірге стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға біріккен коалиция­ның негізгі мақсатына деген өз­дерінің берік ұстаным­да­рын көр­сетті. Олардың алдында сөз алған, партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­матулин: «Аз ғана уақыттың ішінде біздің демократиялық күш­тер коалиция­сына біріккен саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың саны 600-ден асты. Осының өзі Елбасы­мыздың өкі­леттігін ұзарту үшін референдум өткізу бастамасының бүкіл хал­қымызды біріктіріп, қазақстан­дық­тардың тек қана Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдауы­ның тағы бір нақты көрсеткіші деуге болады», – деді. «Егемен-ақпарат».