• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2011

Президент поштасынан

422 рет
көрсетілді

Селкеусіз сенім айғағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан аза­мат­тарынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елба­сының президенттік өкілеттігін ұзарту жөнінде референдум өткізу ту­ра­лы жалпыұлттық бастамаға қолдау білдірген хаттар көптеп келіп түсу­де, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық гидроме­тео­рологиялық қызметінің ұжымы референдум өткізу жөніндегі бас­таманы бірауыздан қолдап отыр. «Сіздің байыпты да дана саяса­ты­ңыздың арқасында Қазақстанның Тәуелсіздігі мен гүлденуі, бейбітшілік пен тыныштық, эконо­ми­калық тұрақтылық, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатының ар­туы, ертеңгі күнге деген сенімі қам­тамасыз етілген», – деп атап өтілген хатта. Сондай-ақ, «Окан» компаниялар тобының ұжымы референдум өткізу туралы жалпыұлттық бас­та­маны қолдайды. «Біз Қазақстанның басты жетістігі болып табылатын ұлы мақсатқа – әлемнің ең дамыған елу елінің қатарына кіруі барлық жаңарулардың басында біздің мемлекетіміздің негізін құрушы Сіз,  Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр­ған­да қол жететініне нақты сенімдіміз. Сіз – реформалар мен инвес­ти­ция­ларды іске асырудың, біздің ортақ түркі әлеміндегі бейбітшілік пен келісімнің кепілісіз», – делінген хатта. Ал «Қазақстан Республикасының татар және башқұрт этномәдени бірлестігі қауымдастығының» басшы­лы­ғы референдум өткізу жөніндегі бас­тамаға қызу қолдау білдіреді. «2001 жылғы 13 қаңтарда қауым­дастық «Нұр Отан» ХДП бастамасы бойынша құрылған, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың президенттік өкілеттігін ұзарту жөніндегі рес­публикалық референдумды өткізу туралы «Қазақстан-2020» жал­пы­ұлт­тық демократиялық күштер коали­ция­сына қосылу туралы мәлімдеді. Біз саяси, экономикалық және әлеу­меттік тұрақтылықты, барша Қазақ­стан хал­қының әл-ауқатының артуы мен гүлденуін тек қана Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың есімімен байланыс­тырамыз», деп атап өткен хатта. Теміртау қаласының тұрғыны Вера Сергеевна Хомякованың хатында Мемлекет басшысының дана әлеу­меттік саясатының арқасында зейнеткерлер мемлекеттің қамқорлығын сезініп отырғаны баяндалған. «Біз, зейнеткерлер, Сізді, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, шын ниетімізбен қол­даймыз! Сізді халық жақсы көреді, Сіз қазақстандықтар үшін көп істер атқардыңыз. Қазір біздің зейнетақы­мыз жақсы, барлық зейнеткерлер «Біздің Президентімізге рахмет!» дейді, бізге көрсеткен қамқорлы­ғыңыз үшін Сізге рахмет! Біз референдум өткізу туралы бастаманы шын жүрегімізбен қолдаймыз», – дейді өз хатында В.Хомякова. «Біздің еліміздегі барлық оң өз­герістерді мен Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыс­тырамын. Оның күш-жігері, оптимистігі, бірегей қабілеттілігі оқиғаны еліміздің табысты дамуына жеткізеді», – делінген Қостанай инженерлік-педагогикалық университетінің рек­торы С.Есмұратовтың хатында. Автор сондай-ақ Мемлекет басшы­сы­ның ойластырылған сыртқы саяса­ты­ның арқасында өткен жылы ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті табысты өтке­нін және Қазақстан бүгінде күллі әлем­ге танымал болғанын атап көр­сеткен.