• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2011

«Жолдаудан жақсы жауап алдық» – дейді университет ұстаздары мен жастары

539 рет
көрсетілді

Кеше Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің конференц-залы Ел­ба­сымыздың қазақстандықтарға арна­ған би­ылғы кезекті Жолдауын тың­дау мақ­са­ты­мен жиналғандарға лық то­лы болды. Соның басым бөлігі студент жастар еді. Өйткені, соның алдында ғана мұн­да «Нұр Отан» ха­лықтық-демо­кра­тиялық партиясының жастар қана­ты­ның сапындағы студенттер референдум өт­кізу жөніндегі бастамашы топ­тың жетекшісі, оқу орнының ректоры Ерлан Сы­дықовпен кездесіп, сол рефе­рен­думға орай қол жинау қорытындысы туралы әңгімеге молынан қанығып қана қоймай, өз ой-пікірлерін де ортаға сал­ған-ды. 90-жылдар­дың орта­сында уни­верситеттің құрамына осындағы төрт бірдей институт – техноло­гия­лық, зоотех­никалық-малдәрігерлік, пе­да­гоги­калық және қаржы институттары енген бо­латын. Солайша еліміздің шығысында іргелі оқу орны пайда болған-ды. Сол үлкен университеттің студент жас­тары мен ұстаздар қауымы Елба­сы­мыз­дың отандастарымызға арнаған кезекті Жол­дауын ертеңге деген кепілдік ретінде зор сеніммен зейін қоя тыңдады. Және биылғы Жолдаудан да өздерінің көңіл­деріндегі сауал­дарға нақты жауап таба білгендіктері көрініп тұрды. Соның бірі – гуманитарлық факультеттің дека­ны, профессор Арап Еспенбетов Президент Нұр­сұлтан Назарбаев­тың биылғы Жол­дау­ын­да ғылым мен білім мәселесі тиянақты қозғалғанына өз риза­шылығын білдіріп жатты. Ал зоотех­ни­калық-малдәрігерлік факультетінің дека­ны, профессор Зейнолла Тоқаев болса әлемде бейбітшілікті ны­ғайтып, қауіп­сіздік мәсе­лесін насихаттау біздің еліміз үшін басты мәселе болып қала беретіндігіне үн қосты. Бұл – Ел­басы Жарлығымен Семей атом поли­го­нының биылғы жиырма жылдығы әлем­дік деңгейде аталып өтіледі деген сөз, деді ол. Ал Елбасының референдум өткізу жөніндегі бастамашы болған азамат­тарға, бүкіл қазақстан­дықтарға білдірген риза­шылығына орай төртінші курс студенті, университеттегі «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Салтанат Мыр­зас­паева өз қуанышын жеткізгенше асықты. Осындай тамаша бастама ордасы бо­лып табылатын университетте оңды жа­ңа­лықтар аз емес. Университет ғалым­да­ры өз жаңа­лықтарымен еліміздің азық-түлік қауіп­сіздігін нығайтуға, алаштану, шәкәрімтану мәселелерін зерттеп, жеріне жет­кізуге үлес қо­сумен бірге, ел тәуел­сіз­ді­гіне арнаған сый-тарал­ғыдан да кенде емес. Соның айға­ғындай, қазірде мұнда Семей қаласы мен облыс энцикло­педия­сы дайындалу үстінде. Ал ел тәуелсіздігін насихаттау да Елбасы Жолдауында кеңі­нен қамтылғаны белгілі. Енді біз Елбасы Жолдауын кеңінен тал­қылауға бірден кірісіп кетпекпіз, дейді университет ректоры, профессор Ерлан Сыдықов. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей. Суретте: конференц-залдан көрі­ніс­.