• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №1141

557 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы етемін: 1. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру тура­лы» Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жар­лығына (Қазақстан Рес­пуб­лика­сының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №22, 270-құжат; 2005 ж., №11, 100-құжат; 2007 ж., №4, 50-құжат; №22, 245-құжат; 2008 ж., №29, 281-құжат; №46, 523-құжат; 2009 ж., №40, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтағы «2015» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыс­тырылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана – жаңа қала» ар­найы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың екінші бөлігі мына­дай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «АЭА аумағының құрамына ала­ңы 598,1 гектар Индустриялық парк кіреді.»; 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.1. АЭА аумағындағы негізгі өн­дірістік қызмет түрлері: 1) өзге де металл емес мине­рал­дық өнімдер өндіру; 2) машиналар мен жабдықтар жасау; 3) тұрмыстық электр аспаптарын шығару; 4) резеңке және пластмасса бұ­йымдарын шығару; 5) химия өнеркәсібі; 6) металлургия өнеркәсібі; 7) электр жабдығын, оның ішінде электрмен жарықтандыру жабдығын шығару; 8) жарықтандыру аспаптарына ар­налған шыны құрамдастарын шығару; 9) тамақ өнімдерін өндіру; 10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон шығару; 11) жиһаз шығару; 12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару; 13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам шығару; 14) әуе және ғарыштық ұшу ап­параттарын шығару; 15) негізгі фармацевтикалық өнім­дер мен препараттар шығару болып табылады.»; Мынадай мазмұндағы 2-2-тармақ­пен толықтырылсын: «2-2. Осы Ереженің 2-1-тармағы­ның 14) тармақшасында көрсетілген, АЭА-ның барлық аумағы шегінде жүзеге асырылуы мүмкін қызмет түрін қоспағанда, осы Ереженің 2-1-тармағында көрсетілген қызмет түр­лері Индустриялық парк шегінде ғана жүзеге асырылады.»; 9-тармақта: «Қазақстан Республикасының кедендік аумағының» деген сөздер «ке­­ден одағы аумағының» деген сөз­дермен ауыстырылсын; «кедендік режимі» деген сөздер «кедендік рәсімі» деген сөздермен ауыстырылсын; «аумағы» деген сөзден кейін «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен то­лық­тырылсын; 9-1 және 9-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9-1. Еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қа­зақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік жә­не өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағында ор­налас­тыруға және қол­дануға арналған тауарлар орналас­тырылады. 9-2. АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орна­лас­тырылған тауарларға қатысты кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Рес­пуб­лика­сының кеден заңнамасына сәй­кес операцияларды жасауға рұқсат етіледі.»; 10-тармақта: «ресімдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын; «бақылау» деген сөзден кейін «кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақтың үшінші абцазын­дағы «өзге кедендік режимде» деген сөздер «өзге кедендік рәсіммен» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 26-сы.   №1141 Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 1141 Жарлығына қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығымен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша