• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Лаңкестіктің ұлт пен дінге қатысы жоқ

365 рет
көрсетілді

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Тарихы тереңде жатқан Қазақ елі ешқашан дүниежүзіндегі дү­бірлі оқиғалардан тыс қалып көр­ген емес. Көне заманнан бері біздің кең-байтақ даламыз арқы­лы, яғни Ұлы Жібек жолымен тең-тең жүгі бар керуендер өтетін. Жібек жолы, өз кезегінде, эконо­миканың қарқынды дамуын, мәде­ниетаралық үнқатысу мен дін­аралық өзара әрекеттестіктің орны­ғуын, халқымыздың мәде­ниеті мен рухани мұрасының өзіне тән қай­таланбас сипатта дамуын қам­тамасыз етті. Жібек жолы бойында орналасқан қалаларда мешіттер, шіркеулер мен ғибадатханалар қатар орналасты. Осы ретте, біз­дің халқы­мыздың ислам дінін қабыл­дау арқылы өзінің саналы таң­дауын жасағанын айта кету керек. Адамзат жаңа мыңжылдыққа аяқ басқаннан бергі уақытта күрделі әлеуметтік сын-тегеу­рін­дерге, проблемаларға және қай­шылықтарға тап болуда. Жалын­дап жанып жатқан Таяу Шы­ғыс, Ауғанстан, Мьянма мен Йемен елдері – мұсылман үмбеті дене­сіндегі қайғы-қасіретке айналды. Бізді Таяу Шығыстың жекелеген елдерінде белгілі бір күштермен және бір-бірімен қақтығысқа түсіп отырған күресуші тараптармен дінді өз мақсаттарына жету құралы ретінде пайдалану орын алып отырғаны алаңдатпауы мүмкін емес. Біз осы ретте экстремизм мен терроризмнің ешбір дінге немесе этносқа қатысы жоқ екендігін ұмытпауымыз керек. Дегенмен, дін атын жамы­лып, ауыр қылмыстар жасайтын лаңкестер бүкіл әлемге ислам дінін жаһандық қауіп-қатер­ді туындататын көз ретінде көрсе­туге ұмтылып отыр. Аяттар мен хадис­тердің мәтіндерін әдейі бұрмалап, бейкүнә адамдардың қанын төгіп жүрген радикалдардың исламға мүлдем қатысы жоқ. Ислам діні бейбітшілікті, аман­дық пен татулықты білдіреді. Құ­р­ан Кәрімнің «Әнбия» сүресінің 107-аятында, Алла тағала өзінің соң­ғы Елшісі жайында былай деген: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік». Егер де адамның өмірі адам­гершілікке, көргенділік пен әдептілікке негізделмесе, онда мұндай қоғамда қайғы мен мұң орнығады. Қатыгездік, кекшіл­дік пен өшпенділік ешуақытта жақсылыққа әкелмейді. Демек, біз Жаратушының шексіз сыйы болып табылатын бейбітшілік­ті сақтай және бағалай білуі­міз қажет, өйткені, ол – біздің амандығымыз бен баға жетпес байлығымыз. Осы ретте қазіргі күнде игі дәс­түрге айналған Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің бастамасымен құрылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары­ның съезі барлық дін өкілдері мен әлемдік қоғамдастықтың бейбіт қатар өмір сүруді сақтау және нығайту жауапкершілігін сезінуге сеп­тігін тигізері анық. Әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері жиналатын съезд алаңында ислам туралы сөз алатын мұсылман ғалымдары адамдар, қоғамдар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінушілік пен келісімнің нығая түсуіне септігін тигізеріне сенімдімін. Халық даналығы «Бірлік – ын­тымақ кепілі» дейді. Мен сон­дықтан да баршаларыңызды ізгі және жауапкершілігі мол әре­кет­тер жасауға шақырамын. Жа­ратқан Алла тағала игі істері­міз­ді қабыл алып, екі әлемде де Өзінің жарылқауын берсін! Әумин! Ержан МАЯМЕРОВ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти