• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Майкл Джексонның үйі сатылымға шығарылды (фото)

708 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 мамыр. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында әйгілі музыкант Майкл Джексонның үйі сатылымға шығарылды. Бұл туралы trinixy.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Поп королі бұл үйді 2007 жылы жалға алған. Алдағы уақытта толығымен сатып алатын болғандықтан зәулім үйдің іші өзі қалағандай безендіріліпті. Барлығы 7 жатын бөлмесі және бірнеше жуынатын бөлмелері бар. Алайда, ол қайтыс болғанға дейін сатып алып үлгермеген. Ал ауласында көне шіркеу және меймандарға арналған үйшік бар. Мәліметтер бойынша, әйгілі әншінің өмірінің соңғы жылдары тұрған үйі 9,5 миллион долларға бағаланып отыр. Айта кетейік, Майкл Джексон 2009 жылы 25 маусым күні дәрі-дәрмектерді шектен тыс пайдаланғаннан қайтыс болған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: trinixy.ru.
Соңғы жаңалықтар