• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Ұлт Жоспары міндеттерін талқылаған отырыс

256 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамының шеңберінде «Жеке сот орындаушылық институты және оны дамыту» тақырыбында көшпелі отырыс болып өтті. Отырыста жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқыланып, бүгінгі таңда сот орындаушылар қызметі аясында кез­десетін түрлі мәселелер қозғалды. Екі бө­лімнен тұратын дөңгелек үстел отырысына Парламент депутаттарымен қатар, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет, құқық қорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орын­­даушылардың республикалық палатасының жа­уапты адамдары мен сарапшы мамандар қа­тысты. Көшпелі отырысты ашқан Парламент Мәжі­лісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жа­нындағы Құқықтық кеңестің төрағасы Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамында қамтылған жеке сот орындаушылар институтының қызмет ету аясында атқарылар шаралар мен өзекті мәселелерді оңтайландыру, еліміздегі жеке сот орындаушы­лар қызметін жетілдіру ісінде ес­керілуі тиіс маңызды тұстарға ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталып өтті. Алғашқы баяндама жасау мәртебесіне ие болған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағанбетов жеке сот орындаушылық негіздері тақырыбын терең қаузап, құқықтық қызметтің бұл саласында кездесетін маңызды мәселелер барысын сөз етті. Бұдан өзге, көшпелі отырыстың бас­қосу жиынына арнайы қатысқан Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының төрағасы Сергей Ли, Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Берік Дүйсенбинов, Мұхтар Тінікеев, Қанат Мусин, Балайым Кесебаева, Магеррам Магеррамов, Наринэ Микаелян, Снежана Имашева, Светлана Бычкова еліміздегі заң аясында осы уақыт аралығында жеке сот орындаушылардың атқарған еңбектері мен оның ел дамуына қосқан үлесін, ширек ғасыр ауқымында сот орындаушылық қызметтің қол жеткізген жетістіктері мен келешек даму үдерісі жөнінде өз ой-пікірлері мен ұстанымдарын көпшілік талқысына салды. Шараға қатысқан қалалық прокуратура, сот және ішкі істер органдары қызметінің өкіл­дері, қаржыгерлер қауымдастығы мен Алматы қалалық Әділет басқармасы, Алматы және Астана қалалары мен барлық облыстардың өңірлік жеке сот орындаушылары, Алматы облыстық әділет басқармаларының жетекшілері дөңгелек үстел қонақтары мен қатысушыларына өз сауалдарын жолдап, тақырыптық пікір алмасу шеңберінде өткен көшпелі отырыс жұмысы жемісті болды. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар