• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Петропавлда автобус жүргізушісі героин сатып ұсталды

253 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 1 маусым. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері есірткі сатқан 39 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісін ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «ДСР – Жұмысшы кенті» бағытына қатынайтын автобус жүргізушісі бір жарым грамнан астам героин сатқан. Оны қолға түсірген кезде есірткі сатудан тапқан ақша да табылды», – дейді полицейлер. Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлердің айтуынша, күдікті осы бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгінгі таңда күдікті жұмыс істеген кәсіпорында да куәлар сұрастырылуда. «Полицейлер жыл басынан бері 100 килодай есірткі тәркіледі. Оның 104 грамы – героин. 64 есірткіге оқиғасына қатысты қылмыс анықталды», – дейді қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі басшысы Данияр Найкин. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар