• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1455

349 рет
көрсетілді

2010 жылғы 30 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру қағидасын бекiту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру қағидасы бекітілсін. 2. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептердi беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 690 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К.МӘСIМОВ. * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi опера­ция­ларды жүргiзу туралы есептер беру қағидасы (бұ­дан әрi – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленген. Қағида жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi опера­цияларды жүргiзу туралы есептер беру тәртібін айқындайды. 2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар – жер қойнауын мемлекеттік геоло­гиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды сулар­ды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байла­нысты емес, жерасты құрылыс­та­рын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар. 2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi опе­рацияларды жүргiзу туралы есептер беру тәртібі 3. Жер қойнауын пайдаланушылар үшiн уә­кiлеттi органға жер қойнауын пайдалану жөнiн­де операцияларды жүргiзу туралы есептіліктің (бұдан әрi – есептер) мынадай түрлері белгіленеді: 1) алты айдың қорытындысы бойынша ақ­па­раттық геологиялық есеп (жартыжылдық есеп); 2) жылдың қорытындысы бойынша ақпарат­тық геологиялық есеп (жылдық есеп). 4. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жыл­дығы үшін келiсiмшарттық аумақта жер қой­науын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген опера­циялардың нәтиже­лері туралы жартыжылдық есептердi жер қойнауын пайдаланушы ағым­дағы жылғы 15 шілдеден ке­шiк­тiрмей уәкiлеттi органның өңіраралық департаментіне (бұдан әрі – өңіраралық департамент) жiбередi. Жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәлімет бермеген жағдайда өңіраралық департамент олар түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде есептi пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күн­тізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады. Өңіраралық департамент жер қойнауын пай­даланушылардың деректерi бойынша ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығы үшін өзіне ведом­стволық бағыныстағы аумақта жер қой­науын пайдалану жөнінде жүргiзiлген опера­циялардың нәтиже­лерi туралы жиынтық есептер жасайды. Өңіраралық департаменттер жер қой­науын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген опера­ция­лардың нәти­же­лерi туралы жиынтық есептердi ағымдағы жыл­ғы бірінші қыркүйекке уәкiлеттi органға жiбередi. Уәкiлеттi орган жиынтық жартыжылдық есеп өңіраралық департаменттен түскен сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды және уәкiлеттi органның Республикалық геоло­гиялық ақпарат қорына (бұдан әрі – геологиялық қор) сақтауға жібереді. 5. Жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiн­де жүргiзiлген операциялардың нәтиже­лерi туралы жылдық есептi өңіраралық департаментке есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 қаңтарынан кешiк­тiрмей жiбередi. Жер қойнауын пайдаланушы есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда өңір­аралық департамент жылдық есеп түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оны пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пай­да­ланушы күнтіз­белік отыз күн ішінде пысықтал­ған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады. Өңіраралық департамент жер қойнауын пайда­ла­ну­шылардың деректерi бойынша өзіне ведом­ство­лық бағыныстағы аумақта есепті жыл үшін жер қой­науын пайдалану жөнінде жүргiзiлген опе­рация­лар­дың нәтижелерi туралы жылдық жиын­тық есептерді жасайды. Өңіраралық департаменттер жер қойнауын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәти­желерi туралы жиынтық есептердi есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші ақпанына уәкiлеттi органға жiбередi. Уәкiлеттi орган өңіраралық департаменттен жылдық жиынтық есеп түскен сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды және геологиялық қорға сақтауға жібереді. 6. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт­тық аумақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлiгi бой­ынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейiн бiр айдан кешiк­тiрмей өңіраралық департаментке босатылатын ке­лісім­шарт­тық аумақтың учаскелерінде жүргiзiл­ген геологиялық зерттеулер туралы есептi тапсырады. Өңіраралық департаменттер келiсiмшарттық ау­мақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлiгi жөні­н­дегі есептердi оларды түскен сәттен бастап күнтiз­белiк он күн iшiнде келіседі және уәкiлеттi органға жiбередi не жер қойнауын пайдалану­шы­лар есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағ­дайда пысықтауға қай­тарады. Жер қойнауын пай­даланушы күнтізбе­лік отыз күн ішінде пысық­тал­ған есептерді өңіраралық департаментке ұсынады. Уәкiлеттi орган өңіраралық департаменттен ес­еп­ті алған сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бекітіп, геологиялық қорға сақтауға жібереді. 7. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілері жойылғаннан және/немесе консервациялағаннан соң бүкіл келісім-шарт­тық аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін жүргізілген геология­лық барлау жұмыстары туралы түпкі­лікті есеп береді. Түпкілікті есептердi өңіраралық департамент олар жер қойнауын пайдаланушылардан түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде келіседі жә­не уәкiлеттi органға жiбередi не жер қойнау­ын пай­даланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда пысық­тауға қайта­ра­ды. Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өңірара­лық департаментке ұсынады. Уәкiлеттi орган өңіраралық департаменттен есеп түскен сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бекітіп, геологиялық қорға сақтауға жібереді. 8. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмысты жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар есептi тоқсан­нан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей өңір­аралық департаментке тоқсандық есептердi ұсынады. Жер қойнауын пайдаланушы есепте толық немесе дұрыс мәліметтер бермеген жағдайда өңір­аралық департамент түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде есепті пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтіз­белік отыз күн ішінде пысықталған есептерді өніраралық департаментке ұсынады. Өңіраралық департаменттер жер қойнауын пайдаланушылардың деректерi бойынша есептi тоқсан үшін өзіне ведомстволық бағыныстағы аумақта жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жиынтық есепті жасайды. Өңіраралық департаменттер жер қойнауын мем­лекеттiк геологиялық зерттеу жөнiнде жүргi­зiл­ген операциялардың нәтижелерi туралы жиын­тық есептерді тоқсан сайын екі ай ішінде уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган өңіраралық департаменттен жиынтық есеп түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарағаннан кейін геологиялық қорға сақтауға жібереді. Өңіраралық департаментке және уәкілетті органға жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері туралы жер қойнауын пай­даланушылардың жылдық есептерінің келіп түсуі тоқсандық есептерге ұқсас тәртіппен жүзе­ге асырылады. 9. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептер құрамындағы пайдалы қазбалары бар жер қойнауының геологиялық құрылымы, кен орын­дарының геологиялық параметрлері, қор­лар­дың көлемі, игеру шарттары, сондай-ақ осы Қағидаға қосымшаға сәйкес жер қойнауының кез-келген ерекшеліктері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру қағидасына қосымша Жер қойнауын пайдаланушылар есептерінің мазмұны 1. Жер қойнауын пайдаланушының жарты­жылдық есебi қысқаша ақпараттық жазбаны және қажет болған жағдайда, ақпараттық жаз­баның мәтiнiн безендіретін графикалық қосым­шаларды (немесе суреттердi) қамтиды. Жартыжылдық есептi ақпараттық толтыру геологиялық зерттеу сатысына байланысты: 1) өңiрлiк геологиялық зерттеулерде мынадай деректер келтiрiледi: келiсiмшарттық аумақтың әкiмшiлiк жағдайы; есептi кезеңде келісімшарттық аумақта орын­далған жұмыстардың түрлерi мен көлемi; пайдалы қазбаның көрініс-белгісі орнының географиялық координаттары; табылған пайдалы қазбаның көрі­ніс-бел­гісінің жоспардағы және тереңдiктегi мөлшерi; пайдалы қазба көрініс-белгілерінің сипат­тамасы; табылған жерүстi және ұңғымалық мұнай-газ көрініс-белгілерінің, табиғи резервуарлардың сипаттамасы; пайдалы қазба ресурстарын болжамды баға­лау; 2) табылған перспективалы объектiлер шегiн­дегi iздестiру жұмыстары кезiнде есепте 1) тармақшада көрсетiлген мәлiметтерден басқа мынадай деректер келтіріледі: табылған кенге айналудың топографиялық және минералогиялық сипаттамасы; кен денесінің параметрлері; перспективалы құрылымның тереңдегі түзі­луінің ерекшеліктері; көмірсутек кен шоғырының параметрлері; іздестіру немесе параметрлік ұңғымалардың ағы­нын байқап көрудің нәтижесі жөніндегі деректер; пайдалы қазбаның қорларын бағалау, пай­далы қазбаның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды; 3) іздестіру – бағалау жұмыстары кезінде 2) тармақшада көрсетілген мәліметтермен қатар мынадай деректер келтіріледі: кен орындары кендерінің негізгі типтері мен сорттары; байытудың оңтайлы сызбасын көрсетумен бірге, кенді қайта өңдеудің жоспарланған техно­логиялары жөніндегі деректер; өнеркәсіптік қорлар мен болжамды ресурстар, кен орындарын игерудің рентабельділігі туралы мәліметтер; 4) барлау кезеңіндегі обьектілер бойынша 3) тармақшада көрсетілген мәліметтермен қатар, мынадай деректер келтіріледі: кен денелерінің мөлшері, пішіні және параметрлері; пайдалы қазбалардың қорларын есептеу үшін қолданылған кондицияның негізгі параметрлері; кен орындарын игерудің гидрогеологиялық шарттары, кен орындарының су басу дәрежесі; негізгі су тұтқыш көкжиектердің және жер­асты сулары кешендерінің гидрогеологиялық параметрлерін бағалау деректері. 2. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық есебi өткен жылғы геологиялық зерттеулердiң нәтижелерi туралы қорытылған ақпаратты қам­тиды. Жылдық есеп ақпараттық жазбахаттың мәтiнiн көркемдейтiн ақпараттық жазбахат және графикалық қосымшалар түрiнде берiледi. Жыл­дық есептi ақпараттық толтыру келісімшарттық аумақтың зерттеу кезеңіне байланысты: 1) пайдалы қазбаларға өңірлік геологиялық зерттеулер кезінде есепке келісімшарттық аумақ бойынша мынадай мәліметтер енгізіледі: әкімшілік жағдайы; келiсiмшарттық аумақтың қысқаша геология­лық сипаттамасы; өңiрлiк зерттеулердiң әдiстемесi, орындалған жұмыстардың түрлерi мен көлемдерi; жер қойнауын пайдаланушылар тапқан кен көрініс-белгілері мен минералдау нүктелерiнiң сипаттамасы: географиялық координаттары, жоспардағы мөл­шері, геологиялық сипаттамасы, табылған кенге айналуының сипаттамасы (пайдалы құ­рам­дастар және олардың құрамы, одан әрi зерделеу перс­пективалары); айқындалған перспективалы құрылымдардың сипаттамасы: географиялық байланыстыру, геометриялық параметрлерi, перспективалы көкжиектердiң орналасу тереңдiгi, олардың стратиграфиялық байла­нысуы, ресурстарды болжамды бағалау. Өңiрлiк зерттеулер бойынша жылдық есептiң мәтiнiне мынадай графикалық қосымшалар қоса беріледі: өңiрлiк масштабтағы келiсiмшарттық аумақ­тың геологиялық картасы; карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетiлген перспективалы құрылым­дар, учаскелер, көрініс-белгілерi бойынша егжей-тегжейлі масштабтағы геологиялық карта-қималар; негiзгi реперлiк бетiнiң құрылымдық карта­лары; айқындалған перспективалы құрылымдар бой­ынша қималар; ерекше қиылыстар бойынша уақытша және тереңдік тіліктер. 2) перспективалы учаскелердегі, көрініс-белгі­лердегі, құрылымдардағы iздестіру-бағалау жұ­мыс­тарының нәтижелерi жөнiнде мынадай ақпарат келтiрiледi: перспективалы учаскелердің, кен көрініс-бел­гілерін, құрылымдардың географиялық-экономи­калық жағдайы; айқындалған кен объектiсiнiң геологиялық түзі­луінің сипаттамасы, кенге айналудың заттық құрамы; кендi дене параметрлерi, пайдалы құрамдас­тарының құрамы, болжамды ресурстарды баға­лау, олардың геологиялық-экологиялық сипатта­ма­лары; мұнай мен газдың болуында жұмыс істеу кезінде мыналар көрсетiледi: айқындалған және терең бұрғылауға дайын­далған өнiмдi құрылымдардың, белгiленген мұ­най-газ көрініс-белгілерiнiң және битум мен кирлердi қоса алғанда, көмiрсутек белгiлерiнiң атауы; негiзгi көрсету көкжиектері бойынша құры­лымдық карталар, коллектордың қасиеттері бой­ынша деректер, iздестіру және параметрлiк ұң­ғымаларды ағынға бұрғылау және сынау нә­ти­желерi, А+В+С1 және С2 санаттары бой­ынша қорларды бағалау; iздестіру және параметрлiк ұңғымаларды ағын­ға сынау нәтижелерi, ұңғымамен ашылған лито­логостратиграфиялық қима, ұңғыманың құрылы­мы, коллектордағы мұнайдың, газдың, судың мөлшерi, ұңғыманың қысқаша өткізгіші, кедергілер және келісімшартта ескерілген басқа да мәліметтер. 3) келiсiмшарттық аумақты зерттеудiң iздестіру-барлау кезеңiне мыналар қоса берiледi: спектрлiк талдау деректерiн таратумен бiрге кендi аймақтарды сынау жоспарлары; спектрлiк, сандық, оның iшiнде техноло­гия­лық тал­даулардың нәтижелерiн шығара отырып iздес­тіру бұрғылау деректерi бойынша геоло­гиялық қималар, керн материалы нәтижелерiн талдау; iздестіру ұңғымаларының геологиялық баға­налары; мұнай-газ аудандары бойынша: негiзгi көрсету көкжиектері бойынша толық құрылымдық карталар, ерекше бағыттар бойын­ша уақытша және тереңдiк қималар, каротажды диаграммалардың қосымшасымен бiрге бұрғы­ланған ұңғымалардың геологиялық қималары, ағынға сынау нәтижелері қоса берiледi. 4) келiсiмшарттық аумақтағы барлау жұмыс­тарының нәтижелерi бойынша мынадай ақпарат келтiрiледi: табылған кен орнындағы кеннiң негiзгi типтері мен сорттары; кен өңдеудiң әзірленген оңтайлы техно­логиясы; кен орнын өңдеудiң гидрогеологиялық және кен-технологиялық шарттары; кен орындарының өнеркәсiптiк қорлары және болжамды ресурстары, пайдалы құрамдас­тарының құрамы; кен орнын өңдеудiң рентабельдiлiгi; Жылдық есептiң мәтiнiне мынадай графи­калық материалдар қоса берiледi: жекелеген (типті) барлау сызықтары бойын­ша қорларды есептеуге арналған геологиялық қималар; С1 және С2 санаттарының ең маңызды блок­тары мен болжамды ресурстардың қорларын бұғаттау. 5) өнеркәсiптiк игеру үшiн кен орнын барлау және дайындау жұмыстары бойынша мынадай ақпарат келтiрiледi: кен орнының географиялық координаттары; барлау әдiстемесi, жұмыстардың түрлерi мен көлемi; кен орнының геологиялық сипаттамасы; тау-кен аудандары бойынша: кен денелерiнiң саны, пішімі, параметрлерi, кеннiң минералогиялық құрамы, минералдық ассоциациясы, пайдалы құрамдастардың көрі­ніс-белгілерінің нысаны туралы деректер; пайдалы құрамдастың негiзгi минералдары-тасымалдаушылары; қорларды есептеуге арналған кондицияның параметрлерi, пайдалы қазбалар қорларын есеп­теудiң нәтижелерi; кеннiң заттық құрамы және технологиялық қасиетi, кен шикiзатын өңдеудiң оңтайлы техно­логиялық схемасы; кен орнын игерудiң техникалық-экономика­лық көрсеткiштерi; мұнай және газ кен орындарын барлау кезiнде: өнiмдi көкжиектер мен коллекторлардың сы­на­лану аймағының геологиялық түзілуі, тау­жы­ныс-коллекторлардың параметрлерi; ұңғымаларды ағынға зерттеу нәтижелерi; өнiмдiлiк коэффициенттерi; газ-су, су-мұнай байланыстарының сипаты; жойылған ұңғымалар мен консервациядағы ұңғымалар туралы ақпарат. Өнеркәсiптiк игеру үшiн кен орнын барлау және дайындау бойынша графикалық қосым­шадан басқа мыналар қоса берiледi: рудалы кен орындары бойынша: бойлық геологиялық қималар; кен орнын бiркелкi сипаттайтын геологиялық қималар, екi және үш деңгейдегi көкжиектi жоспарлар; негiзгi кендiк шоғырлардың қорларын бұ­ғаттау; мұнай-газ кен орындары бойынша: әрбiр өнiмдi көкжиек бойынша толық құры­лымдық карталар, литологиялық-геологиялық қималар, ұңғымаларды сынау нәтижелері; 3. Келiсiмшарттық аумақта коммерциялық табу және пайдалы қазбалардың пайдалану қор­ларын бекiту кезiнде жер қойнауын пайдалану­шы табылған кен орнының паспортын уәкiлеттi органға беруге міндетті. 4. Осы Қағиданың 7 және 8-тармақтарында көр­сетiлген геологиялық есептердi ресiмдеу Қа­зақ­стан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекiті­летін Қазақстан Республикасының жер қой­науын гео­ло­гиялық зерттеу туралы есептердi ресiмдеу жө­нiн­дегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.