• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2011

Орталығы қалада орналасқан аудан болғандықтан ба екен, ол да Павлодар аталады

473 рет
көрсетілді

Әкім есеп берді. Ел не деді?

Облыс орталығы – Павлодар қаласында орналасқан сондай атауға ие тағы бір аудан бар. Онда 30 мыңдай халық тұрса, олар 39 ауылға шоғырланған. Жері де, құсы да, малы да жетеді. Жы­лыжайы, сақтау қоймалары бар шаруашылықтары бүкіл облыс­ты қысы-жазы көкөніспен және картоппен қамтамасыз етеді. Өткен жылы жалпы еліміз аудандары арасындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер дамуы бойынша аудан 56-шы орында болса, кейінгі тоқсан қорытындысымен 7-ші орынды иеленді. Ал жыл қорытындысы бойынша облыста “озат аудан” атанып, 1-ші орынға шықты.

Еңбек алдыңғы орынға шығарды

Павлодар ауданының әкімі Төлеген Бәстеновтің халық ал­дын­дағы есепті кездесуіне ба­руы­мыз, алыстағы басқа аудандарға барып жүргендей сонша қиындық ту­дырған жоқ. Май ауданындағы мә­дениет үйінде тоңғанымыздай емес, мұндағы аудан әкімдігінің мә­жіліс залы жып-жылы, көңілді. Қаланың аты – қала. Мәслихат де­путаттары, ауылдан келген делегаттар, әкімдік қызметкерлері алдында Төлеген Қаратайұлы әуелі Елбасы Жолдауы­нан бастау алатын алдағы жұмыс­тарға тоқ­талды. Орыс-қазағы аралас жи­налған жұртшылыққа елу де елу етіп, екі тілде баяндама жасады. Әкім өзі ауылдарға келіп кеткен, қалаға барып қайтеміз, айтқан өті­ніш­терімізді орындаса болды, деді ме екен, есеп беру жиы­нын­да қа­рапа­йым ауылдықтар қарасы байқалмады. – Енді жоғарыда айтылып өт­кен көрсеткіштер дәрежесін сақ­тап қалуымыз үшін, барлы­ғымыз күш-жігерімізді салып, бірігіп жұ­мыс істейміз деп сенемін, – деді әкім өз сөзінде. Жалпы, өткен жылғы есептік кездесулер бары­сында аудан тұрғындарынан 31 ескерту мен ұсыныс түскен екен, солардың 28-і орындалыпты, ал Луганск ауылы ішіндегі жолды жөн­деу, Розовка ауылында қысқы су құбырын салу, Жетекші ауылына мектеп тұрғызу алдағы жылдардың еншісіндегі істер. Өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауар өнді­рушіле­рі­не 1,9 млрд. теңге несие және 407 млн. теңге субсидия бөлініпті. Өт­кен жылы ауыл шаруашылығы өнім­дерінің жал­пы көлемі 11 млрд. тең­гені құраған. Ал, бұл күндері аудан бойынша ауыл шаруашылы­ғы да­қыл­дарының жалпы егіс көлемі 134,3 мың гектарды құрай­ды. Күзгі жиын-терін барысында 3460 тонна астық, 2 796 тонна май­лы дақылдар, 44 000 тонна көкөніс, 52 000 тонна картоп жиналса, 7,5 мың тонна ет, 39,6 мың тонна сүт, 5,6 миллион дана жұмыртқа өнді­рілген.    Мал ша­руа­­­шылығын да­мы­ту­дың негізгі мақсаты – ішкі рынокты азық-тү­лікпен толық қам­та­масыз ету және басқа аймақ­тардың базарларына да шығару. Оған мал басын асыл­дандыру жо­лымен жетуге болады.

Көрсеткіштер көңіл қуантады десек те

Аудан экономикасының негізгі саласы ауыл шаруашылығы бол­ған­дықтан, әлеуметтік-экономи­ка­лық даму көрсеткіштері тікелей осы саланың өркендеуіне байла­ныс­ты. Сондықтан, ауыл шаруа­шы­лығы салаларын дамыту мақса­тында көптеген іс-шаралар жос­пар­ланып, түрлі деңгейдегі бюджеттен қаржы бөлініп, алға қой­ған міндеттер ойдағыдай жүзеге асырылуда екен. Енді, деді аудан әкімі Төлеген Бәстенов, мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржы­лық қолдау туралы, тұқымдық мал басын көбейту үшін қолайлы жағдай жа­салып жатқандығы туралы түсіндіру жұмысын белсенді түрде жүргізуіміз кажет. Ауданда өндіріс­тің негізгі құ­ралдарын техника­лық жарақ­тан­дыру жөнін­дегі жұмыс жалға­суда. Есептік ке­зең­де аграрлық құ­ры­лымдар 348 млн. теңгеге ауыл­шаруашылық тех­никасының 77 бірлігін сатып алды, оның ішінде 173 млн. тең­геге жоғары өнімді шетел техни­касының 9-ы бар. Малды аулаларда союға тыйым салынуына бай­ланысты, ауыл­дық аумақтарда мал сою алаң­дары ашылуда. Атқа­рылған басқа да шаруалар көңіл қуантады. Заңғар ауылына баратын кіреберіс жол жөнделіп тұрғындар бір жасап қалыпты. Елбасының бас­тамасымен спутниктік сандық те­ледидарлар іске қосылды, сөй­тіп, ауыл тұрғындары отандық телеарналарды көретін болған. Аудан кәсіпкерлері экономиканы нығайтуға, өндіріс саласын дамы­тып, қызмет көрсетуді кеңейтуге және бәсекелестік ортаны қалып­тастыруға елеулі ықпалын тигізіп отыр, деді аудан әкімі осы орайда. Жыл қорытындысы бойынша кәсіпкерлік саласы дамуда, ша­ғын кәсіпкерлік субъек­тіле­рінің саны 6,4 пайызға көбейген, жұ­мыс­пен қамтылғандар саны 21,1 пайызға өсіп отыр (4999 адамды құрады), шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемі 23 пайызға артты. Ауылдарда 915 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ауданда тұратын қазақтың саны 13 мыңға жетіп қалыпты. 4531 оқушы білім алатын 29 мек­тептің 5-уі ғана қазақша оқы­тады. Аздау. Екі тілде шығатын аудандық газеттің аты қазір «Аудан тынысы» деп қазақы атауға ие болған. Тәубе дейік. Төлеген Бәстенов өз баян­дамасының со­ңын­да «туған жердің мәрте­бесін биіктен көрейік» деді. Оған кім қарсы?! Екіншіден, сөзіміздің ба­сында орталығы жоқ аудан деп кеттік, басшылары қала­да, тұр­ғындары ауылдарда тұрады.Бар­лық әкімшілік құрылымдары қа­ланың әр жерінде орналасқан. Жа­ңа емхана болғанымен, жеке ау­дандық аурханасы жоқ. Кезінде кейбір басшылардың облыс орта­лығымен қатар ауданды да Павлодар деп атап, Кенжекөл ауы­лынд­а­ғы орталығын қалаға ауыстыр­ғанда не ойлағандарын кім білсін?.. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.