[caption id="attachment_54043" align="aligncenter" width="560"] Фото: instagram.com[/caption]
Кәрім Мәсімов Instagram-дағы парақшасына велосипедпен түскен фотосын және айыппұл төлегені туралы түбіртегін жариялады.
Baq.kz-тің мәліметі бойынша, Премьер-министр велошеру кезінде Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы маңында суретке түсіп, парақшасына салған. Сондай-ақ ол автомагистральдарда велосипедпен жүруге тыйым салынғандықтан, ҚР Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, айыппұл төлегенін де атап өткен.
«Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де», – деп жазды Кәрім Мәсімов.
Айдар ӨРІСБАЕВ