• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Тамыз, 2016

Ауғанстандағы терактіні «Талибан» содырлары жасаған

309 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54086" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы лаңкестік әрекетті «Талибан» содырлары жасағаны анықталды. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мина орнатылған жүк көлігі Northgate қонақүйіне жақын жерде жарылған. Артынша бірден 4 экстремист ғимаратқа оқ жаудырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге мәлімет жоқ. Мейманхана тұрғын үйлерден алыстау орналасқан. Қазіргі таңда бұл маңай қоршауға алынып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Талибан» 1994 жылдан бастап Ауғанстанда жиі шабуыл жасай бастады. Ал 2003 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аталған топты террористік ұйым деген шешім шығарды. Айта кетейік, бірер жыл бұрын талибтер ірі қалаларды басып алу үшін белсенді шабуыл жасаған болатын. Қазір олардың бақылауында мемлекеттің солтүстігіндегі Кундуз қаласы бар. Сонымен қатар, Газни әкімшілік орталығы үшін соғыс жүріп жатыр. Аян ӘБДУӘЛИ