• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2011

Еуропарламент өкілдерімен кездесті

429 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров сыртқы істер жөніндегі комитеттің мүшесі Николь Киил-Нильсеннің басшылығымен келген Еуропалық Парламент делегациясымен кездесті. Делегация Қазақстанға ба­сым бағыттарының бірі ретінде адам құқықтары саласындағы ынтымақтастық болып та­бы­латын Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері ара­сын­дағы жаңа әріптестіктің 2007-2013 жылдарға арналған стра­тегиясының іске асырылуы барысымен танысу үшін келді. А.Шәкіров қонақтарды адам құқықтарын қамтамасыз ету саласында, оның ішінде заң­намалық база мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, үкіметтік емес және халық­аралық ұйымдармен өзара әре­кеттесу, халыққа құқықтық білім беру мәселелеріндегі мем­лекеттің қызметімен таныс­тыр­ды. Әңгімелесу барысында шетел сарапшылары құқық қорғау проблемасының, оның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдары бостандығының кең ауқымды мәселелері жөнінде толық тү­сінік алды. Кездесуді қорытындылай, та­рап­тар әр түрлі салаларда, оның ішінде гуманитарлық өл­шемде қазақстандық-еуропа­лық әріптестіктің дамуының оң қарқынын атап өтті, деп хабар­лады Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл аппаратының бас­пасөз қызметі.