• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2011

Екі азамат елге оралды

381 рет
көрсетілді

Ливиядағы жаппай тәртіпсіздіктерге бай­ланысты Консулдық қызмет департаменті сол елдегі Қазақстанның дипломатиялық миссия­сы­мен бірлесе отырып, Қазақстан азаматтарын аталған елден шығару бойынша тиісті жұмыс­тар атқаруда. Дипмиссиясының мәліметіне сәйкес, 2011 жылғы 22 ақпандағы ахуал бойынша, Ливияда кон­сулдық есепте болған 21 аза­ма­тымыз қалуда. Олар: дипмис­сияның 3 қыз­меткері­ мен олардың отба­сы мүше­лері, 6 студент, 5 шетел азамат­тарының жұбай­лары, 7 әр түрлі шетелдік компанияларда істейтін Қазақстан аза­маттары. Консулдық қызмет департаменті Қазақ­стан азаматтары Ливиядағы Ресей, Түркия және Украинаның елшіліктеріне аталған елден алып кетуге өтініш білдірген жағдайда қолдау көрсету жөнінде арнайы хат жолдаған. Триполиден түскен соңғы ақпаратқа сәйкес, ҚР дипмиссиясы Ресейдің арнайы бортына еліміздің азаматтарын отырғызу бойынша көршілес мемлекет тарапымен тиісті жұмыс­тар атқарған. Өтінішке орай, 23 ақпанда Ресей ұшағымен Триполи әуежайынан Қазақстанға екі ел азаматы жеткізілген, деп хабарлады ҚР СІМ-інің Консулдық қызмет департаменті.