• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2011

Біргеміз, әрдайым берік іргеміз

680 рет
көрсетілді

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы ха­лыққа жол тартты. Ерекше ықыласпен таныстым. Онда бүгінгі қалыптасқан жағдай мен еліміздің ішкі және сыртқы саясаты, экономика мен рухани салаға байланысты терең ой-пікірі біздің ертеңгі бақытты өміріміздің кепіліндей әсерге бөледі. Бүгінде саяси партиялар үлкен саяси-қоғамдық қүш­ке айналып, олардың жергілікті дең­гейдегі ықпалы ғана емес, халық­аралық саясат сахнасындағы рөлі артуда. «Нұр Отан» партияаралық ық­пал­дастықты дамы­тудағы маңызды қа­дамда әрдайым көшбасшы болып келеді. «Нұр Отанды» биліктің партиясы дейді. Біз тек қана биліктің емес, біліктіліктің партиясымыз, дегім келеді. Партияның 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарлама жобасы бастауыш партия ұйымдарында ке­ңі­нен талқыланып, ұсыныстар енгізіліп, қолдауға ие болды. Қалалық филиал­дың 7194 мүшесі 15 бастауыш партия ұйымына шоғырланған. «Нұр Отан» мүшелерінің саны жыл ішінде 800 адамға өсті. Партия филиалында бас­тауыш партия ұйымдарымен жұмыс жасау тәртіпке келтірілсе, бюро мү­шелері мен депутаттық фракция мү­шелері, партия филиалы қызметкер­лері бекітілді. Республикалық байқау­ларда партиялық бекеттер жұмысы бойынша екінші орынды иеленсек, жастарға саяси білім беруден, тың пішінді іс-шаралар, жаңа әлеуметтік маңызы бар жобалар тарапынан республика көлемінде іс-тәжірибеміз та­ратылды. Қоғамдық комиссияның жұмыс нә­тижесі ел көлемінде оңды баға алып, республикалық партия басшылары қалалық филиал жұмысын көріп, ри­зашылықтарын білдіруі партия бел­сен­ділерінің арқасы дер едім. Облыс көлеміндегі жастар арасындағы бай­қауларда жүлделі орындарға ие болып жүрген жастарымызды әрдайым мақ­тан етеміз. «Жақсылардың үлесі – жанып тұрған шамдай», деген екен халық. Біздің бастауыш партия ұйымдары төрағаларының азаматтық, саяси белсенділіктері жоғары. Әр жыл сайын өткізілетін «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы нәтижесінде қала­лық партия филиалының ауыспалы кубогы ең үздік бастауыш ұйымға тапсырылып келеді. «Темір сырын отта танытады, адам сырын жоқта танытады», дегенді жа­ны ауырған пенде айтса керек. Бас­тауыш партия ұйымдары қашанда жарлының жоғын жоқтап, мүмкіндігі шектеулі, жалғызілікті азаматтарға қамқорлық көрсетуді парыз санайды. «Отан ардагерлері» кеңесі облыстық ардагерлер кеңесімен бірге қашанда жастарға үлгі көрсетіп, қоғамдық, саяси-бұқаралық жұмыстың бел ортасынан көрінуде. Бүгінгі заман – бәсеке заманы. Бәсеке қашанда тынымсыз еңбекті, жаңашылдық пен біліктілікті, қа­тар­дан озып, алға түсуді талап етеді. Біз көп ұлтты партиямыз. Біздің өмірлік күшіміздің, шығармашылық күш-қуатымыз бен жасампаздық әлеуеті­міздің қайнары осында. Қалалық партия филиалы облыста бірінші болып бастауыш партия ұй­ымдарының үздік іс-тәжірибелерін жи­нақтап, әдістемелік кітаптар шы­ғар­ды. Соңғы екі жылда 19 әдісте­ме­лік оқу құралы шығарылып, бастауыш партия ұйымдарына таратылды. Мүмкіндік те, саяси күш те жетерлік. Демек, Жолдауда және «Нұр Отан» ХДП-ның жақында өткен ХІІІ съе­зін­де айтылғандарды басшылыққа алып, әлеуметтік-экономикалық мәсе­ле­лер­дің жедел шешілуі мен қоғамды дәй­ек­ті демократияландыруға бағыт­тал­ған стра­тегиялық мақсаттарды ор­ын­дауға кірістік. Ол өз нәтижесін беретіні анық. Жолдау ел мерейін өсірді, қуат берді. Енді оны жұмысымыздың ар­қау­ына айналдыру үшін жұмыла еңбек етеміз. Әсия АХМЕТОВА, «Нұр Отан» ХДП Талдықорған қалалық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары. Алматы облысы.