2011 жылғы 23 ақпан №173 Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы №1592 қаулысына (Қазақстан Республикасыныі ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: 2-бағандағы «500» деген сандар «600» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
•
25 Ақпан, 2011
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
261 рет
көрсетілді