• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2011

Комиссия қорытындылары қаралды

378 рет
көрсетілді

Кеше Денсаулық сақтау министрлігінде құрылымдық бөлім­шелер мен об­лыстық денсаулық сақтау бас­қар­малары басшыларының, ірі меди­ци­налық ұйым­дар бас дәрі­гер­лерінің және осы ведомство коми­теттерінің өңірлік департаменттері директор­ла­рының қатысуымен се­лек­торлық кеңес болып өтті. Онда инфекциялық аурулар бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдай және им­мундық профилактиканың кейбір мә­селелері мен «Время» газетінде, сон­дай-ақ азаматтардың хабар­ла­ма­ла­рын­да көрсетілген фактілерді тексеру үшін құрылған жұмыс ко­мис­сия­сы­ның қорытындылары қаралды. Өткен кезең ішінде республи­ка­дағы эпидемиологиялық жағдай тұ­рақты бол­ды. 18 инфекциялық ау­ру, оның ішінде ЖРВИ және тұ­мау бойынша ауру дең­гейінің тө­мен­дегені байқалды. «Сала­мат­ты Қа­зақстан» мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сын жүзеге асыру аясында республика бойынша пневмококк инфек­ция­ла­рына қарсы кезең-кезеңмен егу шара­лары енгізілуде. Полио­мие­­лит­тің тара­луы­ның ал­дын алу және ескерту мақ­сатында ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айла­рында 5 жасқа дейінгі балаларды им­му­ни­за­циялаудың қосымша ұлттық шара­сын жүргізу жоспарланып отыр. Кеңес барысында стационарлық кө­мектің қолжетімділігі мәселесі тал­қыланды. Ағымдағы жылы порталда 148,7 мың жолдама тіркелген, олар­дың 43 пайызы ауыл тұрғын­да­рына тиесілі. Гос­питалдандырудың пробле­ма­лық мә­­се­ле­лерін шұғыл шешу мақсатында портал бойынша күн са­йын мониторинг жүр­гізіліп отырады. Жұмыс комиссиясының қоры­тын­дылары Премьер-Министр Кә­рім Мә­сі­мовке ұсынылды. Тексерістер аяқ­тал­ғаннан кейін Ден­сау­лық сақ­тау минис­трлігінің Меди­ци­­на­лық, фар­ма­цев­тикалық қыз­мет­ті ба­қылау комитеті мен Мемлекеттік са­­ни­тарлық-эпи­демиоло­гия­лық қа­да­ға­лау комитеті өңір­лік бөлім­ше­ле­рі жетекшілерінің атқа­рып отыр­ған лауазымдық қыз­меттерге сәй­кес­тігі мәселесі шешілетіні ай­тылды. «Егемен-ақпарат».