2010 жылғы 27 желтоқсан, Алматы қ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коммерциялық жай вексельдерді қайта есепке алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2858 тіркелген, 2004 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің № 136-137 (23773) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрышта «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспеде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі (бұдан әрі – Вексель айналысы туралы заң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесі;»;
5-тармақтың 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Вексель айналысы туралы заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші абзацта «уәкілетті бөлімшеге» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«уәкілетті бөлімшенің» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(бұдан әрі - уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері)» деген сөздер алынып тасталсын;
8 және 9-тармақтарда «Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
«Ұлттық Банк» деген сөздер алынып тасталсын;
«уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта «Ұлттық Банктің пайдасына индоссамент ресімдейді және вексельді уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкеріне береді» деген сөздер «индоссамент ресімдейді және вексельді Ұлттық Банктің пайдасына береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
2.1-тармақтың 8) тармақшасында:
«комитеті» деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгермейді;
«және валюта» деген сөздер алынып тасталсын;
2.2-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4.1-тармақта «, сондай-ақ шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін заңдары мен өзге де актілерінің күшіне енген жағдайда» деген сөздер алынып тасталсын;
6-бөлімде «480090, Алматы қаласы,
«Көктем-3», 21-үй
БИК 190701103
РНН 600400062088» деген цифрлар, сөздер мен аббревиатуралар алынып тасталсын;
4-қосымшада:
«директоры» деген сөз «басшысы» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
___________________________
* Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 ақпандағы № 6761 тіркелген.