• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы № 103

475 рет
көрсетілді

2010 жылғы 27 желтоқсан, Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәй­кес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коммерциялық жай вексельдерді қайта есепке алу тәртібін жетілдіру мақ­сатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2858 тіркелген, 2004 жылғы 28 мамырда «Егемен Қа­зақ­стан» газетінің № 136-137 (23773) жария­ланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесінде: жоғарғы оң жақ бұрышта «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы» деген сөздер алынып тасталсын; кіріспеде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Рес­публикасындағы вексель айналысы тура­лы» деген сөздер «Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жыл­ғы 30 наурыздағы,  «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы вексель айналысы тура­лы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі (бұдан әрі – Вексель айналысы туралы заң)» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесі;»; 5-тармақтың 2) тармақшасында «Қазақ­стан Республикасындағы вексель айна­лысы туралы» Қазақстан Республи­ка­сы­ның Заңында» деген сөздер «Вексель ай­на­лысы туралы заңында» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: бірінші абзацта «уәкілетті бөлімшеге» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшада: «уәкілетті бөлімшенің» деген сөздер «Ұлт­тық Банктің» деген сөздермен ауыс­тырылсын; «(бұдан әрі - уәкілетті бөлімшенің жа­уапты қызметкері)» деген сөздер алынып тасталсын; 8 және 9-тармақтарда «Уәкілетті бөлім­шенің жауапты қызметкері» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауысты­рылсын; 11-тармақта: «Ұлттық Банк» деген сөздер алынып тасталсын; «уәкілетті бөлімшенің жауапты қызмет­кері» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақта «Ұлттық Банктің пайда­сына индоссамент ресімдейді және вексельді уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкеріне береді» деген сөздер «индоссамент ресімдейді және вексельді Ұлттық Банктің пайдасына береді» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-қосымшада: 2.1-тармақтың 8) тармақшасында: «комитеті» деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгермейді; «және валюта» деген сөздер алынып тасталсын; 2.2-тармақтың 1) тармақшасында «Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4.1-тармақта «, сондай-ақ шет мем­лекеттердің мемлекеттік органдарының Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін заңдары мен өзге де актілерінің күшіне енген  жағдайда» деген сөздер алынып тасталсын; 6-бөлімде «480090, Алматы қаласы, «Көктем-3», 21-үй БИК 190701103 РНН 600400062088» деген цифрлар, сөз­дер мен аббревиатуралар алынып тас­талсын; 4-қосымшада: «директоры» деген сөз «басшысы» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ___________________________ * Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2011 жылғы 1 ақ­пан­дағы  № 6761 тіркелген.