• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

374 рет
көрсетілді

2011 жылғы 26 ақпан, Алматы «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Томирис» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес, Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ұлттық Банкі 2011 жылғы 26 ақпанда «Ұлы қолбасшылар» монеталар серия­сы­нан «proof» сапасымен жасалған номина­лы 100 теңгелік «Томирис» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады. «Томирис» монетасының сипаттамасы: Монетаның бет жағында (аверсінде) сол жағында Қазақстан Республикасының ал­тындатылған елтаңбасы, монетаның но­ми­налын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Оң жақ бөлігінде – салт аттылар. Төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан бейнеленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүр­гі­зілген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚ­СТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKH­STAN» деген жазулар бар. Жазулар нүк­телермен бөлінген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада сансыз әскер қаумалай қоршаған Томирис патшаның бейнесі (А.Дүзелха­новтың картинасының фрагменті) орна­лас­қан. Жоғарғы бөлігінде айналдыра монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925, 31,1gr.» деген жазу және патша өмір сүрген ғасырды білдіретін «VI в.с.» және «Томирис» деген жазу бар. Айналдыра шығың­қы жиек жүргізілген. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапасымен дайындалған. Ең көп таралымы – 13 мың дана. Номиналы 100 теңге ескерткіш күміс мо­неталар Қазақстан Республикасының бү­кіл аумағында көрсетілген құнымен тө­лем­нің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Респуб­ликасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі «Томирис» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Польшаның монета сарайы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны ара­сындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды. Осы Келісім бойынша: - «Польшаның монета сарайы» Қа­зақстаннан тыс жерлерде тарату немесе сату үшін Ұлттық Банктен тиісті моне­таларды сатып алады; - Қазақстан теңге сарайы монеталарды дайындайды және жеткізеді; - Ұлттық Банк дайындалған монета­лар­дың бір бөлігін 3000 (үш мың) дана са­ны­мен коллекциялық құны бойынша Қазақ­стан­ның ішкі нарығында сату үшін резервтейді. Бұдан үш мың жыл бұрын қазіргі Қа­зақстанның кең даласында құдіретті сақ-массагеттер өмір сүрді. Ұлы дала біз үшін өз батырлары туралы естеліктер сақтап келген. Ежелгі жылнамалар бойынша Томирис ретінде белгілі массагеттер пат­ша­сы Тұмар ханым парсы әскеріне күйрете соққы берді және Парсы державасының негізін қалаушы Кир патшаны жеңіп шықты. Монеталардың дизайны Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайны­ның тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлт­­тық Банкінің барлық филиалдарында, Алма­ты қаласында мына мекен-жай бой­ынша сатып алуға болады: Панфилов кө­ше­сі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.