• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2011

Басты қаржы құжаты қабылданды

398 рет
көрсетілді

Кеше Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеевтің жетекшілігімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Күн тәртібінде депутаттар қарауына «2011-2013 жылдарға арнал­ған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды. Қаржы құжатына өзгерістерді қарастыратын заң жо­басын талқылауға Премьер-Министр К.Мәсімов бастаған Үкімет мүшелері қатысты. Бюджетке енгізілетін түзету­лер туралы Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Қаржы министрі Болат Жәмішев, Ұлттық банк төр­аға­сы­ның орынбасары Бисенғали Тә­жія­қов баяндама жасады. Жанар Сейдахметқызы өз сөзінде  биыл­ғы елдің негізгі макроэко­номи­ка­лық параметрлерінің болжамын нақтылауға бірқатар факторлар­дың себеп болғанын жеткізді. Атап айтқанда, 2010 жылы ішкі жалпы өнімнің көлемі 21 513,5 миллиард теңгені құрап, бұрынғы болжамнан 2,2 триллион теңгеге жоғары болған.  Яғни, ішкі жалпы өнім 7 пайызға өскен. Қысқа мерзімдік экономикалық индикатор  биыл былтырғы жылғы қаңтар айы­мен салыстырғанда 106,9 пайызды құраған. Оның ішінде, өнер­кәсіп өндірісі 5,8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 2,2, ішкі сауда тауар айналымы – 11,1 және көлік қызметінің көлемі 7 пайызға артқан. Үшінші фактор ретінде министр үсті­міздегі жыл­дың қаңтар айында Халықаралық валюта қоры әлемдік экономи­каның өсуі жө­ніндегі болжамын 4,2 пайыздан 4,4 пайызға дейін ұлғайту жағы­на қарай түзетті деген мәліметті келтірді. Тағы бір белгілісі, былтырмен салыстырғанда биыл әлемдік ры­нок­та ауыл шаруашылығы өнім­де­рі мен металға деген баға орташа жылдық мәнде жоғары дең­гей­де болады. Мұнайдың 2011 жыл­ғы орташа әлемдік бағасы бір барреліне 65 АҚШ доллары дең­гей­ін­де сақталған. Ал экономиканың өсімі 5 пайыз деңгейінде болжа­нып отыр. Бұл өткен жыл (3,1 пайыз) болжамынан 1,9 пайыздық тармаққа жоғары. Номиналды мән­дегі  ішкі жалпы өнім 2 567,6 млрд. теңгеге ұлғаюы жағына қарай түзетілген. Негізінен бюд­жет жобасы Мемлекет басшысы­ның Қазақстан халқына  арнаған «Болашақтың іргесін бірге қа­лай­мыз» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақ­сатында әзірленген. Республика­лық бюджетке нақтыланған көр­сет­кіштер тұтастай алғанда мынандай болды: – бюджет түсімдері 4 249,3 миллиард теңге көлемінде белгіленді немесе қолданыстағы бюд­жетпен салыстырғанда 207,9 миллиард теңгеге өседі; – республикалық бюджет шы­ғыстары бекітілген бюджетпен са­лыстырғанда 301,3 миллиард тең­ге­ге ұлғайып, 4 945,1 миллиард теңге болады; – тапшылық – 695,8 миллиард теңге немесе бекітілген көрсет­кіш­ке қарағанда 93,3 миллиард тең­геге өсіп, ІЖӨ-нің 2,9 пай­ы­зын құрайды. Әлеуметтік салаларға: денсау­лық сақтау, білім беру, халықты ең­бекке тартуды қамтамасыз етуді бюджеттік нығайтуға қосымша шы­ғыстарды бағыттау қарасты­ры­лып отыр. Сондай-ақ ауыл шаруашы­лы­ғы­на, бәсекеге қабілетті өндіріс­тер­ді сауық­тыруға, сонымен бірге, сапа­лы ауыз сумен қамтамасыз ету бағ­дарламасын жүзеге асы­ру­ға мемлекеттік субсидия берілетін болады. Талқылаулар нәтижесінде атал­ған заң жобасы жан-жақты қолдау тапты. Сонымен қатар, отырыста бір­қатар халықаралық келісімдер де ратификацияланды. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық соты­ның статусы жөніндегі заңдық құжатта ЕурАзЭҚ сотының қыз­метін ұйымдастыру қарастыры­лады. Сотқа жүгіну мүмкіндігі ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерге, ЕурАзЭҚ органдарына, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекет­тердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне беріледі. Ал еліміз Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары­ның басқармасы арасындағы ын­ты­мақтастық туралы келісімге қа­тысты заң жобасы босқындарды халықаралық қорғауға алу және оларға гуманитарлық көмек көр­сету саласындағы ынтымақ­тас­тық­қа құқықтық негіз қалауы тиіс. Ядролық материалды физика­лық қорғау туралы конвенцияға түзетуді ратификациялау туралы заң жобасы осы саладағы барлық қауіпсіздік шараларын жүргізуге барынша ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ отырыста шаруа немесе фермер шаруашылығы және азамат­тық заңнамаларды жетілдіру мә­селелері бойынша қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу туралы заңдар қабылданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.