• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2011

Электр желілерін жаңғырту жөніндегі келісім

578 рет
көрсетілді

Таяуда Үкіметте Премьер-Ми­нистр Кәрім Мәсімовтің қаты­суымен «Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғыртудың ІІ-ші кезеңі» жобасы аясында ке­лі­сім-шартқа қол қою рәсімі өтті. Оған елімізден «КЕГОК» АҚ-тың басқарма төрағасы Алмасадам Сат­қалиев, ал Оңтүстік Корея та­рапынан «Hyundai Endieenring CO. Ltd», «Hyudai Corporation» ком­панияларының және «Korea Electric Power Corparation» консор­циумының басшылары қатысты. Осы келісім-шартқа сәйкес кореялық үш компания Ақтөбе, Батыс және Шымкент аймақара­лық электр стансалары филиал­дарындағы 500 және 220 кВ. желісіндегі қосалқы стансаларды жаңғырту жұмыстарын іске асырмақ. Ұлттық электр желісін жаңғыртудың ІІ-ші кезеңі үш пакет бойынша іске асырылса, ал­ғашқы және үшінші пакетті үнді­лік компаниялар жүзеге асырмақ. Ал екінші пакет кореялық компаниялар үлесінде. Жобаның жал­пы құны 52 млрд. теңгені құрайды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.