• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2011

Жоба орындалуымен құнды

379 рет
көрсетілді

Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орын­ба­сары Альберт Рау Алматы облы­сына келген сапарында облыс әкімі Серік Үмбетовпен кездесті. Үде­ме­лі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуын үй­лестіретін және бақылайтын жұ­мыс тобының жетекшісі бұдан кейін об­лыс әкімінің  орынбасары Болат Тә­кеновтің төрағалық етуімен өткен кеңеске қатысты. Жетісу жерінен индустрияландыру кар­тасына өткен жылға жоспарланған жобалар толық орындалған. 2010 жылы облыста рес­­публикалық жә­не аймақтық ин­дус­трияландыру кар­талары бо­йын­­ша 27 жоба қол­ға алынып, оның 10-ы ойдағыдай жүзеге асырылған. Алдағы кезде индустрияландыру картасына 11 жаңа жоба ұсынылып отыр екен. Ал 2011-2014 жылдары облыс бо­йынша индустрияландыру карта­сын­да жалпы құны 1 триллион 590 миллиард теңге болатын 28 жоба бар. Оның ішінде 13 жоба  рес­публикалық индустрия­лан­ды­ру кар­та­сына енсе, 15 жоба ау­мақтық кар­таға кіргізілген. Атал­ған жобалар толығымен орындал­са 17 мың жаңа жұмыс орны ашыл­мақшы. Кеңесте Альберт Рау мемлекеттік бағдарлама аясында белгіленген маңызды жобалардың Ал­маты облысындағы орындалуына көңілі толатындығын білдірді. Өз кезегінде сүт, ет өңдейтін зауыт­тар, металл бұйымдар, құрылыс материал­дарын, аккумуляторлар шығаратын кәсіпорындар басшы­лары биыл кәсіпорындардың кестеге сай іске қосылатынын мәлім­деді. Кеңестен соң вице-министр бас­­таған топ Текелі қаласында «Green House жасыл үй» ЖШС  салып жат­қан  көлемі 3,65 гектарлық жылы­жай құрылысымен танысты. Серіктестік аумақты алқапты алып жат­қан жы­лы­жайды іске қосқан соң облысты көкөніске қарық қылмақ. Сол сияқ­ты, А.Рау Талдықорған қала­­сындағы қорғасынды-қышқыл­ды аккумуля­тор­лық батареялар шы­ғаратын «Қай­нар АКБ» серіктестігінде де болды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.