• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2011

Тың серпілістер кезеңі

454 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік ата-бабалары­мыз­дың ғасырлар бойы аң­саған асқақ арманы еді. Сон­дықтан да, Тәуелсіздік – біз үшін көптен күткен ең қастерлі мереке. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елба­сы­мыз айтқандай, «Қазақ­стан­ның тәуелсіздігі қазақ халқына тағдырдың тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс». Біртұтас азат ел болуды ар­ман­даған Алаш азаматтары осы жолда өз өмірлерін қиды. Олар­дың арман-тілегі сол кездері жү­зе­ге аспағанымен, ұлттық сананы оятуда үлкен рөл атқарды. Ал жал­пысында Қазақстанға бұл тәуел­сіздік оңай жолмен келмегені бәрімізге белгілі, тарихқа көз жү­гіртер болсақ, қазақ халқы тәуел­сіздік жолында сан қилы қиын­шылықтарды басынан өткерді. Өткен ғасырдың басында саны 1,5 миллиондай қандаста­ры­мыз Қытай, Моңғолия, Ауған­­стан, Түркия асты. Көп­теген ұлт зиялылары репрес­сияға ұшырады. Ата-баба арманы бүгінгі күні шындыққа айналды. Аңсаған Тәуел­сіздігімізге қол жеткіздік. Алда сол Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлағалы отырмыз. Еліміздің тұңғыш Президенті сол елі үшін жан аямаған батыр ба­баларымыз бізге қалдырған тау­сылмас дәулеті мен сарқылмас мұ­расының жалғастырушысы ретінде қазақ халқының жүрегінде мәңгі қалатындығы ақиқат. Нұр­сұлтан Назарбаевтың өткен 20 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін өзінің жүргізіп отырған көреген саясатының арқасында талай белестер мен жетістіктерге жеткізгені тек қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл дүние жүзіне белгілі. Бүгінде әлем 130-дан астам этнос өкілдері тұратын Қазақ елін тату­лығы мен бірлігі айрандай ұйы­ған алдыңғы қатарлы ел деп таниды. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, мемлекеттік шекарамыз халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз айналысқа енгізілді, Сарыарқа­ның төсінде барша елді өзінің әсем көркімен таңқалдырған жаңа Астанамыз бой көтерді. Әлем­дік қауымдастық алдында Қазақстан Республикасы асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел эконо­ми­касы да жылдан-жылға ны­ғай­ып, мәдени, рухани даму деңгейі жаңа белеске көтерілуде. Сөйтіп, өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ық­палды мүшесі болып табы­латын тәуелсіз мемлекет құрдық. Ел Президентінің жыл сай­ынғы халыққа Жолдаулары мен Үкіметтің мемлекеттік бағдар­лама­лары қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіз­дігімізді нығайтуға бағытталған. Елбасы өзінің соңғы Жолдауында ішкі саясат пен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқаратынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функ­цияларындағы орын алған жа­ғым­сыз фактілерден, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызме­тін­дегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылу қажеттігін атап көрсетті. Елбасы Жолдауында құқық қор­ғау жүйесін реформалаудың ба­ғыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтай­лан­дыру, әрбір мемлекеттік ор­ган­ның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ве­домстволық мүддеден азаматтар­дың құқы мен мемлекеттің мүд­десін жоғары қою, сондай-ақ парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құ­қық қорғау органының қызме­тін­де есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Баршамызға белгілі, «Қанат­ты барыс» бейнесі – ел тәуел­сіздігінің және «Қазақстан – 2030» Стратегиялық даму бағ­дар­ламасының символдарының бірі. Біз өткен Барыс жылы мәртебесі биік Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Азия және ТМД мемлекеттері, мұсыл­ман елдері арасынан тұңғыш рет төрағалық еттік. Мұндай биікке қазақ баласы бұрын-соңды еш­уақыт­та қол жеткізген емес. Мұ­ның Елбасымыз жүргізіп отыр­ған көреген саясаттың нәтижесі екені тағы ақиқат. Еліміз соңғы жылдары тың серпіліс жасап, дамудың жаңа белесіне көтерілді. Алайда, біздің алар асуымыз, бағындырар биігіміз әлі алда. Сондықтан да келешегі жарқын, арманы асқақ Қазақ елінің бұдан әрі де өркендеп, дами беруі үшін аянбай өз үлесімізді қоса берейік. Ерзат ӘЛЗАҚОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.