• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2016

«Қазақстан» ҰТА директоры тағайындалды

639 рет
көрсетілді

2016 жылдың 1-қарашасынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев «Қазақстан» ҰТА директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды egemen.kz kaztrk.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанахмет Ағыбаев 1974 жылы 2-қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. Кейін 1998-2000 жылдары аталған газетте жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Ал, 2000-2002 жылдар аралығында «Қазақстан» ҰТА-да тілші, редактор, 2002-2006 жылдары «Хабар» агенттігінде тілші, 2006-2007 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы болды.

Сонымен қатар, 2007-2008 жылдары «ҚазАгро» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз хатшысы, 2008-2009 жылдары Алматы қалалық «Оңтүстік Астана» телеарнасының бас директоры, 2010 жылы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері болып қызмет етті.

2010-2012 жылдары «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан  2016 жылдың 1-қарашасына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болды.